---
title: "Мақтарал ауданында «Қоғам және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті"
description: "Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің аппаратында аудандық Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам жән..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-07-17T03:40:42+00:00"
modified: "2016-07-17T03:40:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-audanynda-o-am-zh-ne-biz-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tti-702708"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-audanynda-o-am-zh-ne-biz-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tti-702708/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақтарал ауданында «Қоғам және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

> Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің аппаратында аудандық Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам жән...

**Бүгін Мақтарал ауданы әкімдігінің аппаратында аудандық Қоғамдық кеңесінің ұйымдастыруымен «Қоғам және біз» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Жиынға аудан әкімі Ж.Бейсенбаев, аудандағы әртүрлі ұйымдар мен партия өкілдері, әкімшілік бөлімдерінің басшылары, қала, кент, ауылдық округтердің әкімдері, түрлі салалардың майталмандары, қоғам қайраткерлері және ардагер ақсақалдар, белсенді жастар қатысты.**

![Блог - Makhtaral: Мақтарал ауданында «Қоғам және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті](http://blogtime.kz/uploads/images/00/31/36/2016/07/16/27d3aa.png)

Алғысөзді бастаған Қоғамдық кеңестің төрағасы Т. Жүнісов тақырыптың аудан жұртшылығы үшін маңыздылығын түсіндіріп, баяндама жасады. Баяндамада патриотизм мәселесін, аудандағы тазалық, адамдардың мәдениеті, бүгінгі қоғамдағы түрлі түйткілді мәселелер жайында ой қозғады. Сонымен қатар, аудан басшысы Ж. Бейсенбаев дәл қазіргі әлемдегі түрлі өзгерістер орын алып, терроризм мен экстремизм қаупі күшейген шақта қоғамды ынтымаққа, бірлікке, жат ағымдардан жастарды сақтануға шақыру керектігін ортаға салды.

![Блог - Makhtaral: Мақтарал ауданында «Қоғам және біз» тақырыбында дөңгелек үстел өтті](http://blogtime.kz/uploads/images/00/31/36/2016/07/16/45457b.jpg)

Дөңгелек үстелге жиналған зиялы қауым өкілдері тақырып аясында пікірлерін білдіріп, өз ұсыныстарын айтты. Іс-шараның соңында жиынға қатысушылар бір ауыздан аудан жұртшылығына арналған Үндеу қабылдады.

© Мақтарал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-audanynda-o-am-zh-ne-biz-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tti-702708](https://yvision.kz/kk/post/ma-taral-audanynda-o-am-zh-ne-biz-ta-yrybynda-d-gelek-stel-tti-702708)