---
title: "Мақтану мен Менсінбеу. 1 - тарау"
description: "Бірінші тарауІсі алға басқан бойдақ еркектің өзіне жар іздеу керектігі баршаға белгілі ақиқат.Бірақ ..."
author: "Manull"
published: "2022-10-25T09:14:27+00:00"
modified: "2022-10-25T09:21:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-tanu-men-mensinbeu-1-tarau-977013"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-tanu-men-mensinbeu-1-tarau-977013/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақтану мен Менсінбеу. 1 - тарау

> Бірінші тарауІсі алға басқан бойдақ еркектің өзіне жар іздеу керектігі баршаға белгілі ақиқат.Бірақ ...

Бірінші тарау

Ісі алға басқан бойдақ еркектің өзіне жар іздеу керектігі баршаға белгілі ақиқат.

Бірақ та әлгі жігіттің шалғай жатқан аулаға кіргендегі сезімі мен көзқарасы көпке белгісіз қалады.

Жоғарыда айтылған шындық жақын маңдағы отбасылардың ойына орныққаны соншалық, сорлы жігіт осы отбасылардың бірінің болмаса бірінің қызының заңды меншігіндей саналды.

"Менің ардақты Бэннет мырзам," деп үн қатты оның жан жұбайы, "Сіз Незерфилд Парктің ақыры жалға алынғанын естідіңіз бе?"

Бэннет мырза естімегенін айтты.

"Бірақ бұл шынымен солай" деп қайырды әйелі; "Лонг ханым жаңа ғана осында болған, және маған бұны айтқан да өзі."

Бәннет мырза тіл қатпады.

Әйелі шыдамсызданып "Паркті кім алғанын білгіңіз келмейді ме?" деп даусын көтерді.

"Сіз айтқыңыз келсе айтыңыз, ал менің тыңдауға қарсылығым жоқ."

Бұл жауап әңгімені бастауға жеткілікті еді.

"Неге олай дейсіз, қымбаттым, сіздің білгеніңіз абзал, Лонг ханымның айтуы бойынша Незерфилдтің жаңа иесі солтүстік Англиядан келген бір бай жігіт екен; ол аталмыш паркті көру үшін дүйсенбі күні алып ұшып келіпті, және паркті ұнатқаны сонша, сол мезетте Моррис мырзамен дереу келісіпті; осылайша ол Майкламдардың алдын орағытып кетіпті, ендігі мезетте оның қызметшілерінің бір бөлігі келесі аптаның соңына таман келеді екен."

"Аты кім еді?"

"Бингли."

"Үйленген ба әлде бойдақ па?"

"А, әрине бойдақ, қымбаттым! Жиғаны көп бойдақ жігіт екен; жылына шамамен төрт бес мыңдай(фунт стерлинг) табатын көрінеді. Қыздарымызға керектің нақ өзі!"

"Қалай сонда? Олардың бұған не қатысы бар?"

"Менің ардақты да қымбатты Бэннет мырзам," деді әйелі, "қалайша бұндай енжар болуға болады! Менің оған қыздарымның бірін үйлендіргім келетінін білмейтін ба едің?"

"Сонда оның мұнда келгендегі мақсаты үйлену ма екен?"

"Мақсат! Қайдағы мақсат! Не айтып тұрсыз өзі! Бірақ та оның қыздарымыздың бірін сүйіп қалуы ғажап емес, сондықтан да сіз онымен сөйлесуіңіз керек."

"Мен бұған еш себеп көріп тұрған жоқпын. Сен қыздарды ертіп барсаң болады, немесе қыздардың өзін жібер. Менің ойымша соңғысы дұрысырақ болар, себебі сенің қыздарымыздың кез келгенінен кем түспейтін сұлулығың бар, Бингли мырза топтың ішінен өзіңді ұнатып қалмасына кім кепіл?"

"Қымбаттым, бұныңыз енді өтірік. Шынында да, мен бұрында сұлулықтан құр қалмадым, ал қазір өзімді ерекше сұлумын деп ойламаймын да. Әйел адам бойжеткен бес қызы барда өзінің сұлулығы жайлы ойлауды қоюы керек."

"Ондай жағдайда ойлайтын сұлулық та қалмайды-ау."

"Дегенмен, қымбаттым, Бингли мырза келгенде сіз онымен көрісуіңіз керек."

"Маған сенсең бұл менің жауапкершілігіме кірмейді."

"Бірақ та қыздарыңызды ойласаңызшы. Олардың біреуіне қандай керемет таныстық болатын ойлаңыз. Әдетте жаңадан қоныс құрған көршілерге бармайтын Уиллиям мырза мен Лукас ханым да баруға дайын отыр. Сіздің баруыңыз керек, әйтпесе біз оның үйіне, сіз бармасаңыз, бара алмай қалуымыз мүмкін."

"Қайтпайтын адам екенсіз. Мистер Бингли сізді көруге қуанышты болатынына сенімдімін; қыздарымыздың қайсысын таңдаса да, оған өз қолдауымды білдіретінімді сіз арқылы жіберемін; дегенмен, кішкентайым Лиззи жайлы бір екі жақсы сөз айтуды құп санаймын."

"Ондай нәрсе істемеуіңізді сұраймын. Лиззидің басқаларадан еш бір айырмашылығы жоқ. Менің ойымша онда Джейндегідей сұлулық та, Лидиядағыдай әзілкештік те жоқ. Бірақ та сен оны әрдайым қолдап отырасың."

"Олардың мақтайтындай ештеңелері жоқ," деп жауап берді; "басқалары сияқты олар да ақымақ әрі надан; бірақ Лиззидің жөні бөлек, оның әпкелеріне қарағанда еті тірілігі бар."

"Бэннет мырза, қалайша сіз өз балаларыңызды, өзіңіз, осылай қорлай аласыз? Сіз осы мені ашуландырғаннан ләззат аласыз-ау. Менің бейшара жүйкеме көрсетер еш бір мейіріміңіз жоқ."

"Сіз мені қате түсіндіңіз, қымбаттым. Менің сіздің жүйкеңізге деген силастығым шексіз. Олар менің бұрыннан келе жатқан достарым. Оларды айтып келе жатқаныңызға міне жиырма жылдың жүзі болыпты."

"Әй, қойыңызшы осы, сіз менің қалай қиналып жатқанымды бәрібір түсінбейсіз."

"Бірақ та, мен сіздің бұдан аман өтіп, аулаға жылына төрт мың табатын жас жігіттердің ағылғанын көруіңізді тілеймін."

"Ха, олардың жиырмасы келседе, сіз олармен жолықпасаңыз, бізге одан не пайда?"

"Ардақтым, ондайлардың жиырмасы келсе, бірін қалдырмай баратыныма сенімді болыңыз."

Бэннет мырзраның мінезі жылдамдылықтың, мысқылдың, ұстамдылық пен тұрақсыздықтың біртүрлі бір қосындысын құралған еді. Әйелі үшін жиырмы үш жыл бірге тұрған өмір бұл мінезді түсіну үшін жеткіліксіз болды. Алайда оның өзінің мінезін түсіну қиындық тудырмайтын еді. Ол дөрекі түсінікті, тар білімді және шыдамсыз мінезді әйел еді. Бірдеңеге көңілі толмағанда ол өз-өзін ашуланған адамдай елестетін. Өмірінің бар мәні қыздарын күйеуге беру еді; бұл істің шешімін қыдыру мен жаңалық іздеуден тапты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-tanu-men-mensinbeu-1-tarau-977013](https://yvision.kz/kk/post/ma-tanu-men-mensinbeu-1-tarau-977013)