---
title: "«Мақтаарал» футбол клубы 0:2 есебімен жеңіске жетті"
description: "23-шілде күні елордамыз Астана қаласындағы «Астана Арена» алаңында бірінші лиганың белді футбол кл..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-07-25T01:42:59+00:00"
modified: "2016-07-31T06:25:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taaral-futbol-kluby-0-2-esebimen-zhe-iske-zhetti-703831"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-taaral-futbol-kluby-0-2-esebimen-zhe-iske-zhetti-703831/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мақтаарал» футбол клубы 0:2 есебімен жеңіске жетті

> 23-шілде күні елордамыз Астана қаласындағы «Астана Арена» алаңында бірінші лиганың белді футбол кл...

**23-шілде күні елордамыз Астана қаласындағы «Астана Арена» алаңында бірінші лиганың белді футбол клубтары «Мақтаарал» мен «Бәтерек» ойын көрсетті.**

![«Мақтаарал» футбол клубы 0:2 есебімен жеңіске жетті](https://scontent.xx.fbcdn.net/t31.0-8/13691115_313206425734805_7171952011048810085_o.jpg)

Алғашқы таймда-ақ 2 гол салған «Мақтаарал» футбол клубының ойыншысы Асқар Абутов алаңға жиналған мақтаралдық жанкүйерлердің делебесін қоздырды. Екінші таймда ауа-райының қолайсыздығына байланысты ойын саябырсып, есеп сол күйінде қалды. Нәтижесінде 0:2 есебімен «Мақтаарал» футбол клубы кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Айта кетейік, «Мақтаарал» футбол клубы Бірінші лиганың жарыс кестесі (XVI тур) бойынша 27 ұпаймен 4-ші орында тұр.

![«Мақтаарал» футбол клубы 0:2 есебімен жеңіске жетті](https://pp.vk.me/c636421/v636421830/2006d/x--xgoAxgno.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-taaral-futbol-kluby-0-2-esebimen-zhe-iske-zhetti-703831](https://yvision.kz/kk/post/ma-taaral-futbol-kluby-0-2-esebimen-zhe-iske-zhetti-703831)