---
title: "Мақсатыңды анықта"
description: "Нәтиже болу үшін, мақсат болуы шарт екендігі белігілі. Соған қатысты жасалынатын әрекеттерді анықтау..."
author: "ardakkatarbayev"
published: "2013-07-23T11:27:18+00:00"
modified: "2014-01-30T13:31:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-saty-dy-any-ta-364851"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-saty-dy-any-ta-364851/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақсатыңды анықта

> Нәтиже болу үшін, мақсат болуы шарт екендігі белігілі. Соған қатысты жасалынатын әрекеттерді анықтау...

Нәтиже болу үшін, мақсат болуы шарт екендігі белігілі. Соған қатысты жасалынатын әрекеттерді анықтауға арналған жеті сұраққа жауап бер.

Бірінші сұрақ.

**Қандай бес құндылық сенің өміріңе шын маңызды?** Бұл сұрақ саған, шындығында маңызды, аса маңызды емес, тіпті маңызды емес саған қатысты бағытты айқындауға көмектеседі. Өзіңе маңызды бес бағытты жазғаннан кейін, соның ішіндегі орындалыс тапсын деген қатарда, приоритетіне қарай орналастыр.Сенің құндылықтарыңды анықтау мен таңдау жасай білетіндік қабілетің мақсаттарыңды ашық ұстауға, оның орындалуына септігін тигізетіндігін ұмытпа. Сонымен қатар, сенің жеке құндылықтарың тұлғалығыңның бет пердесі, анықталған бағыттар алдыңды ашық көрсетіп, таңдау – өмір салтыңды өзгертуге әсер ететіндігін байқайсың.

Екінші сұрақ.
Дәл қазырғы таңда ең басты үш мақсатың қандай?

Бұл сұраққа жауапты 30 секунд ішінде бер. Бұл әлемдік практикада тексерілген әдіс. Егер сен осы азғантай уақыттың ішінде сол үш мақсатты анықтауға жұмыстансаң, ішкі түйсік тез арада саған ең керекті мақсатты айқындап береді. Сол отыз секундтың ішінде анықталған мақсат, саған екі сағат уақыт берілседе ойланып жазылған кездегідей  нақты әрі дәл болады.

Үшінші сұрақ.
Өмір сүруіңе алты ай ғана уақыт қалды десе, сен сол уақытты қалай жұмсар едің?

Саған шын мәнінде не маңыздыны анықтауға көмектесетін сұрақ. Уақыт шектеулі болғанда тек маңыздылық жұмыс жасайтындығының дәлелі, уақыттың саған қатынасы. Ал, сен осы алты ай уақытыңды неге арнар едің?

Төртінші сұрақ.
Бүгін сен лотореядан қырық миллион теңге ұтып алдың делік,не істер едің?

Жауап жазуға екі минут уақыт, сен өміріңді қалай өзгертер едің? не сатып алар едің? Керісінше нені жасауды қояр едің? Сол екі минуттың ішінде нені жазып үлгерсең, алатыныңда сол болады.

Бұл сұрақ, сенің сәтсіздіктен қорықпай, ақша мен уақыттың мәселесі шешілген уақытта айналысатын шаруаларыңды анықтауға көмектеседі. Мұнда сенің мүмкіншілігің шексіздікке артқан жағдайда, нақты немен айналысатындығыңды көруге болады, таңдаудың өзін талдап жасауға итермелейді.

Бесінші сұрақ.
Сенің жасағың келген, бірақ тәуекелге қарап, қорқыныштан жасамаған әрекетің қандай?

Бұл сұрақ қорқыныштың сенің бастамаларыңды тежейтіндігінің әсерін көрсетеді. Сонымен қатар

қорқынышты көруге, тәуекелді байқауда реттегіш.

Алтыншы сұрақ. **Саған шынында немен айналысқан ұнайды. Жеке бастың, ішкі сезімнің рахат алуына септігін тигізетін сенің жақсы көретін ермегің қандай? Шынайы ләззатты неден аласың?** Бұл сұрақпен сенің ішкі жандүниеңмен тілейтін, жеке қабілетің жететін әрекетті анықтауға болады. Жақсы көретін ісіңмен айналықанда ғана, адам шынайы бақыттырақ сезінетіндігі белгілі, ал сенің айналысатын шаруаңды сен қалап жасайсың ба? Жетінші сұрақ. **Егер саған сәтсіздіктің әсері болмаса, сен өзіңнің ойыңның шарықтау шегінен туындаған қандай істі қолға алып, жүзеге асырар едің?** Көз алдыңа елестет, құмырадан Джинн шығып, сенің бір арманыңды орындаймын деді. Сен ең маңызды, ең бірінші нені айтар едің? Міне, осы сұрақтарға нақты жауап қағаз бетіне түссе, міндетті түрде орындалады деп сенсең болады. Ия, соңғы сұрақтың жауабыда орындалады, тек оған өзің сенсең ғана болғаны. Себебі қағазға жазылған жауаптарың секілді, оларда сенің санаңа нық орнатылып, мақсаттарың бекітілді. Енді алдыға қарай талпынып, қадамдарыңды осы мақсаттарға қарай жасау ғана қалды. Ал жазылғанды өзіңнен басқа ешкім оқымасын. Дегеніңе жет.

“Мақсат, әрекет, сосын нәтиже”

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-saty-dy-any-ta-364851](https://yvision.kz/kk/post/ma-saty-dy-any-ta-364851)