---
title: "Мақсат – сапалы мемлекеттік қызмет алуға жағдай жасау"
description: "Үлкен кезектер, қызмет берушінің жұмыс кестесі туралы ақпараттың болмауы, стандарттар мен регламентт..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2017-10-06T05:00:47+00:00"
modified: "2017-10-06T05:00:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-sapaly-memlekettik-yzmet-alu-a-zha-day-zhasau-780856"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-sapaly-memlekettik-yzmet-alu-a-zha-day-zhasau-780856/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақсат – сапалы мемлекеттік қызмет алуға жағдай жасау

> Үлкен кезектер, қызмет берушінің жұмыс кестесі туралы ақпараттың болмауы, стандарттар мен регламентт...

Үлкен кезектер, қызмет берушінің жұмыс кестесі туралы ақпараттың болмауы, стандарттар мен регламенттерді стендтерде ілмеу, қызмет алушыларға сапалы мемлекеттік қызметтерді көсетуге жағдайлар жасамау. Бұл ағымдағы жылдың 3 қазанда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі – Департамент) өткізілген Батыс Қазақстан обысы ішкі істер депатаментінің әкімшілік полиция басқармасы тіркеу-емтихандау тәжірибесі бөлімінде және Көші-қон қызметі басқармасында инспекциялау нәтижесінде анықталған кемшіліктердің бір бөлігі ғана.

Анықталған кемшіліктер әкімшілік кедергілерге және үлкен кезектерге оның нәтижесінде қызмет алушылардың наразылығын туғызатын жағдайларға әкеп соғады. Инспекциялау нәтижесінде Департаментпен кемшіліктерді жою мақсатында тиісті ұсыныстарды ішкі істер Департаментіне жолдады. Осындай шаралар Департаментпентұрақты негізінде жүргізілетін болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-sapaly-memlekettik-yzmet-alu-a-zha-day-zhasau-780856](https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-sapaly-memlekettik-yzmet-alu-a-zha-day-zhasau-780856)