---
title: "«Мақсат» пен «Арманды» қалай түсінесіз?"
description: "Бала кезден бәрімізде \"Арман\" болады. Кейін өсе келе ол \"Мақсатқа\" айналады. Негізі осы екі сөздің а..."
author: "mudin"
published: "2016-04-08T08:25:14+00:00"
modified: "2016-04-08T08:25:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-pen-armandy-alay-t-sinesiz-688174"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-pen-armandy-alay-t-sinesiz-688174/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мақсат» пен «Арманды» қалай түсінесіз?

> Бала кезден бәрімізде "Арман" болады. Кейін өсе келе ол "Мақсатқа" айналады. Негізі осы екі сөздің а...

Бала кезден бәрімізде **"Арман"** болады. Кейін өсе келе ол **"Мақсатқа"** айналады.

Негізі осы екі сөздің айырмашылығы неде? Екеуіне келгенде мен сенімсіз бола қаламын.

**Арманды** мен қол жеткізбейтін, адамның өсуімен, ойлау қабілетімен өзгеріп отыратын құбылыс секілді елестетемін. Шынымен, жыл сайын біздің армандарымызға арман қосылып, ескіргендері, яғни сенімін жоғалтқандары шығып отырады. Оның шегі жоқ...

Ал **Мақсатқа** келетін босақ, бір биікті бағындыруға белгілі бір уақыт аралығын, адам ынтасын талап ететін құбылыс деп түсінемін. Мақсатқа жетер шың мен оның шегі де болады. Оның артында әр қашан жетістік тұрады.

Барлығымыз да тек сол мақсатымызға жеткен сәтті елестетеміз, ал оған жету процессін ойладыңыз ба?

Ағылшын тілін 1 жылдың ішінде жетік біліп шығу үшін, жақсы жұмысқа орналсу үшін, жаңа көлік сатып алу үшін біз не істеу керекпіз? Әрине, түнде ұйықтар алдында қиялдап жатқаннан еш пайда болмайды. Бірден іске көшіңіз. Алдымен мақсатыңызды нақтылап алуыңыз қажет, оның сізге берер пайдасын ойлаңыз. Жақсы ағылшын курстарын іздеп, резюмеңізді әдемілеп шимайлап (әрине өзіңіз игермеген қасиеттерді жазбағаныңыз дұрыс), жақсы көлік маркасын табуға кірісіңіз.

Қойған мақсатыңызды қадамдап көз алдыңызға елестеткеніңіз жөн. Кешке қарай бір күндік әректтеріңізді сараптап отырыңыз. Мақсатыңызға бір қадам жақын тұрғаныңызды біліп отырсаңыз, ешқашан да берілмейсіз. Іске сәт!

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/N0d0BhVZnkPO6378rcHFk1DKvUp1zC.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-pen-armandy-alay-t-sinesiz-688174](https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-pen-armandy-alay-t-sinesiz-688174)