---
title: "Мақсат – халықтың сенімін иелену"
description: "2018 жылдың 13 желтоқсанда «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Қоғамдық қабылдауда» Қазақстан Респуб..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-12-14T11:33:37+00:00"
modified: "2018-12-14T11:33:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-haly-ty-senimin-ielenu-821841"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-haly-ty-senimin-ielenu-821841/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақсат – халықтың сенімін иелену

> 2018 жылдың 13 желтоқсанда «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Қоғамдық қабылдауда» Қазақстан Респуб...

2018 жылдың 13 желтоқсанда «Азаматтық бақылау» жобасы аясында «Қоғамдық қабылдауда» Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Исақов азаматтарға қабылдау өткізді.

Департамент басшысы қабылдау барысында әртүрлі мәселелермен келген азаматтардың сұрақтарына нақты жауаптар берді.

Қоғамдық қабылдаудың мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары және Әдеп кодексінің сақталуы туралы кеңестер беру.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-haly-ty-senimin-ielenu-821841](https://yvision.kz/kk/post/ma-sat-haly-ty-senimin-ielenu-821841)