---
title: "Маған орын табылар ма жүрегіңде?"
description: "Маған орын табылар ма жүрегіңде? ! Мен мұхитпын, сен кемесің жүзетін, Мен де бір ақжол, жолаушысың ж..."
author: "Mambet_85"
published: "2014-01-02T14:19:52+00:00"
modified: "2014-01-02T14:19:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-an-oryn-tabylar-ma-zh-regi-de-394097"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-an-oryn-tabylar-ma-zh-regi-de-394097/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Маған орын табылар ма жүрегіңде?

> Маған орын табылар ма жүрегіңде? ! Мен мұхитпын, сен кемесің жүзетін, Мен де бір ақжол, жолаушысың ж...

Маған орын табылар ма жүрегіңде? !

Мен мұхитпын, сен кемесің жүзетін, Мен де бір ақжол, жолаушысың жүретін. Мен ағашпын, сен алмасың арайлым, Бермес ерік кез келгенге үзетін.

Сен армансың жүрген мәңгі қиялымда, Сен аққусың ұшқан әркез қиянымда. Мен бір бейнемін көрінетін алыстан, Тимес пайдам,тимес саған зияным да.

Мүмкін ұнар,мүмкін жақпас тілегім де, Балдай бақыт,шыңдай шаттық тіледім де. Саған ыстық сезімімді білдірсем, Маған орын табыла ма жүрегіңде?!

Шоқ жұлдызсың шырайлатқан аспанымды, Жанса деймін,қаламаспын аққанымды. Оқырмансың оқып жатқан тоқтамай, Менің ұзақ ғұмыр деген дастанымды.

Мұңаярмын, әлде мүмкін күлемін бе, Өмір бойы ғашық болып жүремін бе Жан сырымды ақтарсам бір іштегі, Маған орын табылар ма жүрегіңде?!

Жүрмес едім көңілге гүл еккізбесем, Жүректерге жылу шашып жеткізбесем. Пенде болып келмес едім өмірге, Ғашық болып күндерімді өткізбесем.

Сақтап көздің қарасын да ағында, Осынау бір жалындаған шағыңда. Қол ұстасып мәңгі бақи жүрейік, Бақыт нұрлы бал сезімнің бағында. МАМБЕТ БИГЕЛДІ

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-an-oryn-tabylar-ma-zh-regi-de-394097](https://yvision.kz/kk/post/ma-an-oryn-tabylar-ma-zh-regi-de-394097)