---
title: "Мақал-мәтелдер"
description: "Назарларыңызға көмек, қолдау көрсетуге бағытталған мақал-мәтелдерді ұсынамыз. Құдықтан су ішкен, Қаз..."
author: "Ainel_BOTA"
published: "2011-10-19T03:21:01+00:00"
modified: "2014-09-18T11:34:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-al-m-telder-199473"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-al-m-telder-199473/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақал-мәтелдер

> Назарларыңызға көмек, қолдау көрсетуге бағытталған мақал-мәтелдерді ұсынамыз. Құдықтан су ішкен, Қаз...

**Назарларыңызға көмек, қолдау көрсетуге бағытталған мақал-мәтелдерді ұсынамыз.**

Құдықтан су ішкен,

Қазғанға рахмет айтады.

Ағашты көлеңкелеген,

Еккенге рахмет айтады.

*******************

Он адам жүрген жерде із қалады,

Жүз адам жүрген жер - соқпақ,

Мың адам жүрген жерде жол қалады.

*******************

Кісіні кейде таршылық сынайды,

Кейде баршылық сынайды.

*******************

Әркімнің өзі шығар биігі бар.

********************

Өзін ғана ойлаған,

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған,

Адамдықтың белгісі.

********************

Қайырымдылық жасасаң,

Қайырын өзің көресің.

********************

Кең болсаң, кем болмайсың.

********************

«Сіз» деген әдеп,

«Біз» деген көмек.

*********************

Азаматтық жасай алмаған адам –

Бұл өмірге келмеген адаммен бірдей.

**********************

Жақсылық еткен, алғыс алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-al-m-telder-199473](https://yvision.kz/kk/post/ma-al-m-telder-199473)