---
title: "Мақалға терең үңілсек"
description: "Қол бұлғады «Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді, Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы. Әрбір үйге су..."
author: "Muxit"
published: "2017-10-08T06:39:08+00:00"
modified: "2017-10-08T06:40:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-al-a-tere-ilsek-781003"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ma-al-a-tere-ilsek-781003/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мақалға терең үңілсек

> Қол бұлғады «Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді, Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы. Әрбір үйге су...

**Қол бұлғады**

«Сұмырай келсе, су құриды» деуші еді,

Соның шынға айналғаны-ау бұл-дағы.

Әрбір үйге су беретін құбырлар,

Қыс түспей-ақ «құрғады».

Сұғанақтар қаражатты жымқырған,

Көп кешікпей түрмеден қол бұлғады.

 

**Аузы-мұрты**

«Қоя жесең қой қалар,

Тарта жесең тай қалар»

Бүйте берсең аштан қатып,

Артыңда мал, жай қалар.

Қатыныңды біреу құшып,

Іріккеніңді ұрттап ішіп,

Аузы-мұрты майланар.

 

**Бар арман**

Жұмыр басты пендеңіз,

Ішіп-жеуге жаралған.

Сондықтан да жемқорлық,

Қан тамырдай таралған.

-Қорықпайсыз ба дегенмен,

Құрылар деп тор алдан?

-Оны ойлауға уақыт жоқ,

Молырақ қарпу бар арман.

**Қайқайды**

– Ұрлық жасап байығанды көрмедім.

- Ал өзіңіз...

– Өй, ант атқыр...

Бар болғаны ермегім.

 

Сүлеймен Баязитов

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ma-al-a-tere-ilsek-781003](https://yvision.kz/kk/post/ma-al-a-tere-ilsek-781003)