---
title: "Мәжілісмен Тарбағатай ауданының активімен кездесті"
description: "ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы сенім комиссиясының және \"Nur Otan\" парт..."
author: "Vk16.amanat.kz"
published: "2021-07-08T03:34:37+00:00"
modified: "2021-07-08T03:35:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-zhilismen-tarba-atay-audanyny-aktivimen-kezdesti-941033"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-zhilismen-tarba-atay-audanyny-aktivimen-kezdesti-941033/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәжілісмен Тарбағатай ауданының активімен кездесті

> ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы сенім комиссиясының және "Nur Otan" парт...

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы сенім комиссиясының және "Nur Otan" партиясының мәжілістегі фракциясының мүшесі Саиров Ерлан Бияхметұлы Тарбағатай ауданының активімен және аудандық мәслихаттың депутаттарымен кездесті.

Президенттің "Еститін мемлекет" тұжырымдамасы, халық пен билік арасындағы диалог, қабылданған заң жобалары туралы кеңінен баяндалып ұсыныс-пікірлер де тыңдалды.

![Мәжілісмен Тарбағатай ауданының активімен кездесті](https://storage.yvision.kz/images/user/440777/fb3ba76420772e14195a75f003b203.jpg)

Кездесуге қатысушылар тарапынан қойылған Омбы-Майқапшағай жолының , Қарғыба және Қандысу су тоспаларының жөнделуі, интернет байланысын нашарлығы, сондай-ақ аудан орталығына мектеп салу туралы сұрақтарын тыңдаған Ерлан Бияхметұлы аудандағы өзекті мәселелерді үнемі назарда ұстайтынын жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-zhilismen-tarba-atay-audanyny-aktivimen-kezdesti-941033](https://yvision.kz/kk/post/m-zhilismen-tarba-atay-audanyny-aktivimen-kezdesti-941033)