---
title: "Мәжіліс ғимаратына бетпердемен кіру міндеттелді"
description: "Парламент Мәжілісінің ғимаратына міндетті түрде бетперде тағу режимі енгізілді. Фото:..."
author: "jan.123"
published: "2024-02-08T06:05:32+00:00"
modified: "2024-02-08T06:08:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-zhilis-imaratyna-betperdemen-kiru-mindetteldi-1000863"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-zhilis-imaratyna-betperdemen-kiru-mindetteldi-1000863/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәжіліс ғимаратына бетпердемен кіру міндеттелді

> Парламент Мәжілісінің ғимаратына міндетті түрде бетперде тағу режимі енгізілді. Фото:...

Парламент Мәжілісінің ғимаратына міндетті түрде бетперде тағу режимі енгізілді.

![Мәжіліс ғимаратына бетпердемен кіру міндеттелді](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/6bf269bf1181e6d43f2669aa75fc7b.jpg)

Фото: almatydc.kz-

Мұндай қаулыны Президент Іс басқармасы медициналық орталығының бас санитар дәрігері Айгүл Темірғалиева қабылдаған.

Жиындар онлайн-форматқа көшірілген. Онда да бетперде тағу режимін қатаң сақтау керек.

Айта кетейік, бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов пен Президент кеңесшісі Қанат Бозымбаев коронавирусқа шалдыққан болатын.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-zhilis-imaratyna-betperdemen-kiru-mindetteldi-1000863](https://yvision.kz/kk/post/m-zhilis-imaratyna-betperdemen-kiru-mindetteldi-1000863)