---
title: "Мәжіліс депутаттары 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілетін түзетулерді мақұлдады"
description: "ҚР Парламентінің Мәжілісі «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына ҚР ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-11-23T09:33:38+00:00"
modified: "2016-11-23T09:33:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-zhilis-deputattary-2017-2019-zhyldar-a-arnal-an-respublikaly-byudzhet-turaly-za-zhobasyna-engizile-729365"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-zhilis-deputattary-2017-2019-zhyldar-a-arnal-an-respublikaly-byudzhet-turaly-za-zhobasyna-engizile-729365/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәжіліс депутаттары 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасына енгізілетін түзетулерді мақұлдады

> ҚР Парламентінің Мәжілісі «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына ҚР ...

ҚР Парламентінің Мәжілісі «2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген түзетулермен келісті.

«2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасы ағымдағы жылғы 17 қарашада ҚР Парламенті Сенатының пленарлық отырысында қаралды. Сенат 27 түзету енгізді, оның ішінде бір түзету Алматының бюджеттік алым көлемінің азаюына орай бюджеттің кіріс бөлігінің 1,8 млрд теңгеге азаюына қатысты, 13 түзету Үкіметтің резерв қаражатын қысқарту есебінен 26 млрд теңге жалпы сомасына 2017 жылға арналған республикалық бюджеттің кіріс бөлігін қайта бөлуге қатысты», - деді депутат Омархан Өксікбаев төменгі палатаның пленарлық отырысында.

Ол 13 түзету бөлінген қаражатты бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері арасында қайта бөлумен, сондай-ақ заң жобасының мәтіндік бөлігіне енгізілетін өзгерістермен және толықтырулармен байланысты болғандықтан, 2017-2019 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жалпы көлеміне әсер етпейтінін атап өтті.

«Осылайша, Сенатта осы заң жобасын қарау барысында 2017 жылға 26 млрд теңге сомасында қаражат қайта бөлінді. Бұл қаражат сумен жабдықтау және газбен жабдықтау нысандарын салу, жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын күрделі жөндеу, жаңа тұрғын үйлердің құрылысы үшін инфрақұрылым өткізу сияқты тағы басқа басым міндеттерді шешуге қайта бағытталды», - деп қосты О. Өксікбаев.

Мәжіліс депутаттары ҚР Парламенті Сенатының осы заң жобасына енгізген өзгерістерімен және толықтыруларымен бірауыздан келісті.

«Қарсы барлау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің 2016 жылғы 10 маусымдағы отырыс хаттамасын орындау үшін әзірленді.

Жобада қарсы барлау қызметінің қағидаттары мен міндеттері, Қазақстан Республикасы Президентінің осы саладағы өкілеттіктері, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын органдардың тізбесі, олардың құқықтары мен міндеттері, сондай-ақ пайдаланылған негізгі түсініктер айқындалған.

«Бүгін біз бірқатар елдердегі тұрақсыздық пен дауларға, халықаралық терроризмге, алып державалар арасындағы сенімнің төмендеуіне байланысты көптеген сыртқы факторлардың ықпалын бастап кешіріп отырмыз. Осыған орай, қарсы барлау органдарына сыртқы қауіп-қатерлерді уақтылы анықтау және олардың алдын алу жөніндегі міндеттерді шешуге тура келеді. Осы заң жобасы қарсы барлау қызметін құқықтық реттеуді одан әрі жетілдіруге бағытталады», - деді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Марат Қалқабаев заң жобасын таныстыру кезінде.

Сондай-ақ, қарсы барлау қызметінің материалдарын пайдалану, оларды сақтау және жою тәртібі, халықаралық ынтымақтастық, қарсы барлау қызметін ақпараттық қамтамасыз ету және құжаттандыру мәселелері анықталды.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-zhilis-deputattary-2017-2019-zhyldar-a-arnal-an-respublikaly-byudzhet-turaly-za-zhobasyna-engizile-729365](https://yvision.kz/kk/post/m-zhilis-deputattary-2017-2019-zhyldar-a-arnal-an-respublikaly-byudzhet-turaly-za-zhobasyna-engizile-729365)