---
title: "Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстанға әсер ете..."
description: "Мәскеу биржасы – KASE-нің (Қазақстан қор биржасы) акционері. Фото: kapital.kz Кеше АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің Мәскеу биржасына санкциялар салды. Осыдан кейін онда доллар мен еуро саудасы тоқтады. Ал бұл биржа KASE акцияларының 13,1 пайызын..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-13T08:00:04+00:00"
modified: "2024-06-13T08:00:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-skeu-birzhasyna-salyn-an-sankciya-aza-stan-a-ser-ete-me-1005615"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-skeu-birzhasyna-salyn-an-sankciya-aza-stan-a-ser-ete-me-1005615/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәскеу биржасына салынған санкция Қазақстанға әсер ете...

> Мәскеу биржасы – KASE-нің (Қазақстан қор биржасы) акционері. Фото: kapital.kz Кеше АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің Мәскеу биржасына санкциялар салды. Осыдан кейін онда доллар мен еуро саудасы тоқтады. Ал бұл биржа KASE акцияларының 13,1 пайызын...

*Мәскеу биржасы – KASE-нің (Қазақстан қор биржасы) акционері.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/07fd795cfd4c5415b9b6302b9ed703.jpg) *Фото: kapital.kz*

Кеше АҚШ қаржы министрлігі Ресейдің Мәскеу биржасына санкциялар салды. Осыдан кейін онда доллар мен еуро саудасы тоқтады. Ал бұл биржа KASE акцияларының 13,1 пайызын иеленіп отыр (2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша).

Бүгін еліміздің Ұлттық банкінің төрағасы Тимур Сүлейменовке «Қазақстан ресейліктердің сол үлесін сатып ала ма?» деген сұрақ қойылды. Жауап мынадай болды:

«Біз халықаралық кеңесшілерімізбен ақылдаса отырып, түрлі нұсқаларды қарастырамыз. Жағдайға барынша терең мониторинг жасаймыз».

Бұл жерде ең алдымен «осы жағдай Қазақстан қор биржасына әсер ете ме?» деген сұрақ туындайтыны хақ. KASE-дегілер оған «әсер етпейді» деп кесімді жауап айтты.

Олардың сөзінше, акциялардың тек 50 пайыз және одан көп үлесін иемденетіндерден ғана қауіп төнеді. Ал Мәскеу биржасының KASE-дегі үлесі 13,1 пайыз екенін жоғарыда айттық.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-skeu-birzhasyna-salyn-an-sankciya-aza-stan-a-ser-ete-me-1005615](https://yvision.kz/kk/post/m-skeu-birzhasyna-salyn-an-sankciya-aza-stan-a-ser-ete-me-1005615)