---
title: "Мүсін..."
description: "Бәрімізді тас қараңғы бөлмеге кіргізді. Бір шамның да жағылмағанын қарасаңшы! Бөлме іші құбыжықтард..."
author: "Chandni"
published: "2009-10-23T02:37:38+00:00"
modified: "2009-10-23T02:37:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-sin-20375"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-sin-20375/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мүсін...

> Бәрімізді тас қараңғы бөлмеге кіргізді. Бір шамның да жағылмағанын қарасаңшы! Бөлме іші құбыжықтард...

Бәрімізді тас қараңғы бөлмеге кіргізді. Бір шамның да жағылмағанын қарасаңшы!

![](https://storage.yvision.kz/images/user/chandni/tVpf3ez41R1v7e3zZAbv27ltoHLSAQ.jpg)

Бөлме іші құбыжықтардың мүсініне толы. Әрқайсысының екі көзі бар. Сол екі көз саған тесірейіп қарағандай болады. Денем түршігіп кетті. Арыстан терісін жамылған кісі артымнан келіп, шошытпай ма? Ай, жүрегім-ай, орныңда екенсің ғой әйтеуір. Мына құбыжықтың қасына суретке түссем бе екен, ә? "Арыстан ағай, мені суретке түсіріп жібересіз бе", - деп едім, Арыстан ағай мені шошытқанын ұмытып кетсе керек, танымағандай жанымнан өтіп кеткендай-ақ?! Арыстан ағай, ағай, а-ғай?...Бір кезде "Әкел, мен түсірейін" деген дауыс естілді. Артыма қарасам, сөйлеп тұрған құбыжық екен. Тіпті құбыжықтың өзі де емес, мүсіні...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-sin-20375](https://yvision.kz/kk/post/m-sin-20375)