---
title: "«Мәселе ақшада емес, оның көлемінде»"
description: "Левиттің еңбегі бағаланғанына шын қуанып жүрмін өз басым. Күміс медаль иеленген боксшыға алтын жүлде..."
author: "ERKANAT_NAIMAN"
published: "2016-08-19T07:16:04+00:00"
modified: "2016-08-19T07:16:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-sele-a-shada-emes-ony-k-leminde-707823"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-sele-a-shada-emes-ony-k-leminde-707823/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мәселе ақшада емес, оның көлемінде»

> Левиттің еңбегі бағаланғанына шын қуанып жүрмін өз басым. Күміс медаль иеленген боксшыға алтын жүлде...

Левиттің еңбегі бағаланғанына шын қуанып жүрмін өз басым. Күміс медаль иеленген боксшыға алтын жүлдегерлермен бірдей сыйақы берілетін болды дегені дұрыс болды. Васяның жеңіске жеткенін көрген тек қазақстандық жанкүйерлер ғана емес, әлемнің салмақты спорттық сарапшылары мен әйгілі спортшылары Левитті қолдап, жеңісін мойындауда. Статистика да біздің боксшының басымдығын айқындап отыр. Бұл дегеніңіз қара тердің текке төгілмегендігін көрсетеді емес пе?! Оның үстіне еліміздің спортшының еңбегіне ат үсті қарамай, алтынға пара-пар сыйақы беретіндігі игі бастама болды. «Мәселе ақшада емес, оның көлемінде» (Дело не в деньгах, а в их количестве))) деп шуткаға айналдырып жіберсең да)) Жо, жоқ, адамның еңбегін бағалау, оны көтермелеу қалай болғанда да құптарлық іс. Алтыннан ардақты батырларымыздың бағы бес елі, абыройы асқақ болсыншы. Не істесе де жарасады бұл батырларға...

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-sele-a-shada-emes-ony-k-leminde-707823](https://yvision.kz/kk/post/m-sele-a-shada-emes-ony-k-leminde-707823)