---
title: "Мұнай өндіруді қысқарту мерзімі маусым айының соңына дейін созылмақ"
description: "Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін жазға дейін созады. Бұл ОПЕК+ ұйымына қатысушы кейбір елдермен бірлесіп жасалып отырған шара. Мұны Энергетика"
author: "orazali"
published: "2024-03-04T04:57:20+00:00"
modified: "2024-03-04T04:57:20+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-nay-ndirudi-ys-artu-merzimi-mausym-ayyny-so-yna-deyin-sozylma-1001842"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-nay-ndirudi-ys-artu-merzimi-mausym-ayyny-so-yna-deyin-sozylma-1001842/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мұнай өндіруді қысқарту мерзімі маусым айының соңына дейін созылмақ

> Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін жазға дейін созады. Бұл ОПЕК+ ұйымына қатысушы кейбір елдермен бірлесіп жасалып отырған шара. Мұны Энергетика

Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін жазға дейін созады. *Бұл ОПЕК+ ұйымына қатысушы кейбір елдермен бірлесіп жасалып отырған шара. Мұны Энергетика министрлігі хабарлады. *

![Мұнай өндіруді қысқарту мерзімі маусым айының соңына дейін созылмақ](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/9f3d527099d5f0a9a71761a13f28a7.jpg)

Қазақстан маусым айының соңына дейін тәулігіне **1 млн 468 мың** баррель қара алтын өндірмек. Мұндай шешім әлемдегі мұнай нарығының тұрақтылығын сақтау үшін қабылданып отыр. Жалпы ерікті қысқартуды Қазақстан былтыр сәуір айында жариялаған. @qazaqstantv

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-nay-ndirudi-ys-artu-merzimi-mausym-ayyny-so-yna-deyin-sozylma-1001842](https://yvision.kz/kk/post/m-nay-ndirudi-ys-artu-merzimi-mausym-ayyny-so-yna-deyin-sozylma-1001842)