---
title: "Мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасалуда"
description: "«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фили..."
author: "Taraz_3"
published: "2017-10-13T00:28:15+00:00"
modified: "2017-10-13T00:28:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-zhandar-a-barynsha-zha-day-zhasaluda-781549"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-zhandar-a-barynsha-zha-day-zhasaluda-781549/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша жағдай жасалуда

> «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының фили...

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының филиалдары – «Халыққа қызмет көрсету орталығы» департаменттерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсетуде ерекше көңіл бөлінуде. Бүгінгі таңда Халыққа қызмет көрсету орталықтарында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мемлекеттік қызмет түрін алу үшін жеңілдетілген терезелерге жүгіне алады.

Орталықта мүгедектерге қолайлы кіріп шығуына ыңғайлы барлық жағдайлар қарастырылған. Барлық бөлімдерде пандустар мен шақыру түймелері және Брайль тақтайшалары орнатылған.

І-ІІ және ІІІ-топтағы мүгедектер мен мүгедек балалар, ҰОС қатысушыларының құжаттарын өткізу үшін Бірыңғай байланыс орталығы арқылы 1414 нөмірі бойынша тегін қоңырау шалып, өз өтініштерін бере алады. ББО-ның кеңесшілері азаматтардан келіп түскен тапсырыстарды бірден (өтініш берушінің аты-жөнін, байланыс мәліметтерін) ХҚКО-ның жауапты маманына жолдайды.

Өтінішті алған ХҚКО қызметкері өтініш білдірге азаматқа хабарласып, мемлекеттік қызмет түріне қандай құжаттардың керек екендігі туралы толық мағлұмат береді және үйіне баруға болатын қолайлы уақытты анықтайды. Орталық мамандары 72 сағаттың ішінде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың үйлеріне барады және дайын болған құжаттарды мобильді топ арқылы жеке қолына тапсыратын болады.

2017 жылдың І жартыжылдығында Жамбыл облыстық ХҚКО департаменті Бірыңғай байланыс орталығы арқылы түскен тапсырыстардың нәтижесінде 839 сапар ұйымдастырылып, 1732 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Сонымен қатар, ағымдағы жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында сөйлеу және есту қабілеті бұзылған азаматтарға мемлекеттік қызметтерді көрсетуде жаңа сервис пайда болды. Енді бұл адамдарға ымдау тілінің кәсіби маманы арнайы қосалқы монитордан шынайы уақыт режимінде сурдоаударма ұсынатын болады. Қазіргі таңда аталған қызмет түрін 27 азамат пайдаланған.

Бұған қоса, орталық мамандары тұтынушының келісімімен Электронды Үкімет Порталы және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы берілетін мемлекеттік қызметтер бойынша оқыту жұмыстарын жүргізеді. Бұл оқыту жұмыстары азаматтардың электронды құжаттарды «ХҚКО»-ға келіп жатпай, қажетті қызметті үйіне отырып-ақ «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы алуға мүмкіндік жасайды.

**«Азаматтарға арналған үкімет»**

**мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ**

**Жамбыл облысы бойынша филиалы-**

**«Халыққа қызмет көрсету орталығы»**

**департаментінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-zhandar-a-barynsha-zha-day-zhasaluda-781549](https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-zhandar-a-barynsha-zha-day-zhasaluda-781549)