---
title: "Мүмкіндігі шектеулі балалар гала-концертке шақырады!"
description: "23 мамыр, Республикалық «ВІ-Жұлдызай 2016» фестиваліна мүмкіндігі шектеулі балалар қатысып өз бақт..."
author: "mudin"
published: "2016-05-26T23:47:53+00:00"
modified: "2016-05-31T00:02:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-balalar-gala-koncertke-sha-yrady-695087"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-balalar-gala-koncertke-sha-yrady-695087/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мүмкіндігі шектеулі балалар гала-концертке шақырады!

> 23 мамыр, Республикалық «ВІ-Жұлдызай 2016» фестиваліна мүмкіндігі шектеулі балалар қатысып өз бақт...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/Bm3mMgz0BuZ3AJ7m9AgCM7P02AF769.jpg)

23 мамыр, Республикалық «ВІ-Жұлдызай 2016» фестиваліна мүмкіндігі шектеулі балалар қатысып өз бақтарын сынап көрді. Байқау жеңімпаздарына қымбат сыйлықтар мен сертификаттар табысталды. Қазақстанның әр жерінен келген қатысушылар өздерін жан-жақты қырларынан көрсетті. Мүгедек балалардың жұлдызды сәттерінің жануына себепкер болған «ВІ-Жұлдызай» қорының директор орынбасары Танирберген Алтынай: «Осы фестивальдің арқасында былтыр 120 мүмкіндігі шектеулі балаларға операция жасалды, 1500 балаға оңалту шаралары жүргізліді. Жыл сайын шетелден дәрігерлер шақырылып балаларға денсаулықтарына байланысты кеңестер өткіземіз».

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/OH9F0iFV4la17f1qHMSbVD357eFI60.jpg)

Бурабай демалыс орнында өткізген 7 кундерін балалар байқаудың екінші іріктеу турына дайындықпен өткізді. Оралдан келген егіздер Аяжан мен Айман Калгалиевалар: «Үйімізден Бурабайға дейін 2 күн жүрдік. Қатты шаршағанымызға қарамастан бүгін бар өнерімізді көрсетуге тырыстық».

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/mckF43arpmS6YlK9vYBtQhQN91kGvT.jpg)

Қазылар алқасы Қазақстанның 16 қаласынан көзге түскен ең талантты балаларды іріктеп алды. Жыл сайын өткізілетін бұл шараға эстрада жұлдыздары да өз үлестерін қосуда. Ринат Малцагов: «Қатысушыларды барынша әділ бағалауға тырыстық. Олардың киген киімдері мен таңдаған әндеріне үлкен мән бердік. Әрине, қолымды жүрегіме қойып тұрып балалардың денсаулықтарына қарамастан өте дарынды екендерін айта аламын. Болашақта да осы шараға барынша ат салысуға тырысамыз».

Фестивальға қатысушылар өз көрермендерін гала-концертке шақырады. Халықаралық балаларды қорғау күні, яғни маусымның 1 жұлдызында Астана қаласы, Орталық концерт залында өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-balalar-gala-koncertke-sha-yrady-695087](https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-balalar-gala-koncertke-sha-yrady-695087)