---
title: "Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әлеуметтік объектілерге қол жетімділігіне мониторинг жүргізілді"
description: "Ағымдағы жылдың 22 тамызында \"Ақжайық - адалдық аланы\" жобасы аясында 1 топ мүгедегі, \"Арба\" ҚБ мүше..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-08-26T10:14:52+00:00"
modified: "2019-08-26T10:14:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-azamattar-shin-leumettik-obektilerge-ol-zhetimdiligine-monitoring-zh-rgizildi-839371"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-azamattar-shin-leumettik-obektilerge-ol-zhetimdiligine-monitoring-zh-rgizildi-839371/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін әлеуметтік объектілерге қол жетімділігіне мониторинг жүргізілді

> Ағымдағы жылдың 22 тамызында "Ақжайық - адалдық аланы" жобасы аясында 1 топ мүгедегі, "Арба" ҚБ мүше...

Ағымдағы жылдың 22 тамызында "Ақжайық - адалдық аланы" жобасы аясында 1 топ мүгедегі, "Арба" ҚБ мүшесі М. Б. Нұрымованың және БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өкілдерінің қатысуымен мүгедектер мен халықтың басқа да мүмкіндігі шектеулі топтары үшін мекемелердің қол жетімділігіне мониторинг жүргізілді.

Мониторингпен "ҚР Ұлттық Банкі" РММ БҚФ, "БҚО ауыл шаруашылығы басқармасы", "Агроөнеркәсіптік кешендегі БҚО аумақтық инспекциясы", "БҚО Ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы", "Қазпошта" АҚ БҚФ, "Казпочта" АҚ, А.Н. Островский атындағы драма театры, Орал қаласы әкімінің аппараты, "Нұр Отан" партиясының Орал қалалық филиалы, "БҚО ішкі саясат басқармасы" қамтылды.

Тексеру пандустар мен шақыру түймелерінің жұмысқа қабілеттілігін тексеру арқылы жүргізілді.

"Қазпошта" АҚ БҚФ-да ғана пандустар дұрыс бұрышпен орнатылғаны анықталды, шақыру түймесі ақаусыз жұмыс істейді, оған күзет қызметкері дереу әрекет жасады.

Қалған мекемелерде пандустар тиісті түрде орнатылмаған, тікелей бұрыштары бар, бұл бөтен адамдардың көмегінсіз мекемеге өтуін қиындатады ("БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы", "Агроөнеркәсіптік кешендегі БҚО аумақтық инспекциясы", "БҚО Ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы", "Нұр Отан" партиясының Орал қалалық филиалы, "БҚО ішкі саясат басқармасы").

Шақыру түймелері жоқ немесе істен шыққан (Орал қалалық "Нұр Отан" партиясы филиалы, "БҚО ішкі саясат басқармасы", Орал қаласы әкімінің аппараты, А.Н. Островский атындағы драма театры). ҚР Ұлттық Банкі "РММ БҚФ).

Шақырту түймесі пандустың алдында емес, кіру есігінің алдында орнатылған ("БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасы", "Агроөнеркәсіптік кешендегі БҚО аумақтық инспекциясы", "БҚО Ветеринариялық бақылау және қадағалау аумақтық инспекциясы") фактілері анықталды.

Тиісті ұсыныстарды облыс әкімдігі жіберілетін болады.

://m--�P/�}

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-azamattar-shin-leumettik-obektilerge-ol-zhetimdiligine-monitoring-zh-rgizildi-839371](https://yvision.kz/kk/post/m-mkindigi-shekteuli-azamattar-shin-leumettik-obektilerge-ol-zhetimdiligine-monitoring-zh-rgizildi-839371)