---
title: "Мүмкін бізде жазаны қаталдатамыз?!"
description: "Балапанды күзде санайды. Енді аз уақытта салық органдары кәсіпкерлерден алым-салық жинай бастайды. Ә..."
author: "ERKANAT_NAIMAN"
published: "2016-08-29T07:14:06+00:00"
modified: "2016-08-29T07:14:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-mkin-bizde-zhazany-ataldatamyz-709419"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-mkin-bizde-zhazany-ataldatamyz-709419/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мүмкін бізде жазаны қаталдатамыз?!

> Балапанды күзде санайды. Енді аз уақытта салық органдары кәсіпкерлерден алым-салық жинай бастайды. Ә...

Балапанды күзде санайды. Енді аз уақытта салық органдары кәсіпкерлерден алым-салық жинай бастайды. Әдеттегі жұмыс. Бірақ биыл «кризис» деп көп кәсіпкерлер жалтарып қалуға тырысады. Салық органдарына да оңай емес. Мысалы биыл бірінші рет шет елдерден ақша алатын заңды және жеке тұлғалар салық төлеу керек болады. Ол әккілер бұғып қалуға тырысады. Себеп көп. Кім біреуге есеп бергісі келеді, кім-кіммен табысымен бөліскісі келеді. Бірақ заң ортақ. Оны сақтау керек. Сол шет елден ақша алып жүргендер, шетелдерде заңды сақтайды. Ал бізге келгенде айналып өтіп кеткісі келіп тұрады. Себебі бізде жазалау жолдары жеңіл. Мысалы шетелде сырттан қаржы алып, одан салық төлемесең қылмыстық жаза қолданады екен. Ал бізде тек айыппұл саласың, әкімшілік жаза ғана қолданады. Бұл қаншалықты дұрыс. Мүмкін бізде жазаны қаталдатамыз?!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-mkin-bizde-zhazany-ataldatamyz-709419](https://yvision.kz/kk/post/m-mkin-bizde-zhazany-ataldatamyz-709419)