---
title: "Мөлдір Малайзиядағы Азия чемпионатына қатысады"
description: "Байқоңыр қаласында каратэ-додан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел чемпионатында Қызылорда..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-05-01T03:38:33+00:00"
modified: "2014-05-01T03:38:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-ldir-malayziyada-y-aziya-chempionatyna-atysady-411924"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-ldir-malayziyada-y-aziya-chempionatyna-atysady-411924/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мөлдір Малайзиядағы Азия чемпионатына қатысады

> Байқоңыр қаласында каратэ-додан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел чемпионатында Қызылорда...

[!\[Мөлдір Жаңбырбай\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140501001234-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/05/20140501001234.jpg)

Байқоңыр қаласында каратэ-додан жасөспірімдер мен жастар арасында өткен ел чемпионатында Қызылорда облысының спортшылары 1 алтын, 2 күміс 4 қола медальды иеленді, деп хабарлады облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.

Жарысқа Астана, Алматы қалалары мен барлық облыстардан 250-дей спортшы қатысты. «Атап айтсақ, 16-17 жас аралығында Мөлдір Жаңбырбай (-53 келі, ЖСШМ) чемпион атанып, маусым айында Малайзияда болатын Азия чемпионатында өнер көрсетеді. Диана Досқали (-59 келі, ЖСШМ) мен Нұрсұлу Жетербай (+59, №2 ОМБЖОРМ) күміс жүлдені еншіледі. Азамат Сансызбай (+76 келі, №2ОМБЖОРМ), Әбу Кеуілтай (-76 келі), Көркем Мұхамедқали (-59 келі) және 18-20 жас аралығында сынға түскен Меруерт Төреғали (-53 келі, үшеуі де федерация) үшінші орынға ие болды. Спортшыларды жарысқа Рүстем Әбжәмиев, Нұржан Ақпанбет және Талап Әбдірамановтар дайындады», — делінген хабарламада.

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат -Автор: [Елубай Әуезов](http://www.inform.kz/kaz/searchauthor/929)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-ldir-malayziyada-y-aziya-chempionatyna-atysady-411924](https://yvision.kz/kk/post/m-ldir-malayziyada-y-aziya-chempionatyna-atysady-411924)