---
title: "Мәләдес! Жарады!"
description: "Әйтеуір, өзге ұлттардың қысқы спортқа ебін келтіріп, салымын беріп қойған. Осылай сөз түрінде сылқи..."
author: "Orken_Kenzhebek"
published: "2018-02-18T13:37:52+00:00"
modified: "2018-02-18T13:37:52+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-l-des-zharady-797053"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-l-des-zharady-797053/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәләдес! Жарады!

> Әйтеуір, өзге ұлттардың қысқы спортқа ебін келтіріп, салымын беріп қойған. Осылай сөз түрінде сылқи...

Әйтеуір, өзге ұлттардың қысқы спортқа ебін келтіріп, салымын беріп қойған.

Осылай сөз түрінде сылқитқанмен, Юлия Галышеваның фристайлдың могул түрінен алтынға бергісіз қоланы алуы ерлікпен пара-пар еді. Біріншіден, бұл спорт түрінен Олимпиадада алған алғашқы жүлдеміз. Екіншіден, Юлияның өзі қатарынан қатысқан үшінші олимпиадасы. Жас та кеп қалды, жастар да қуып жетіп қалды дегендей. Кеше оны басып озған екі қыз да Юлиядан жас еді. Үшіншіден, бұл спорттың дайындығы да, іріктеуі де қиын екен, құрысын. Іріктеуден өткен 20 фристайлшыны бір жарыстырады, одан кейін 12-сін алады да, одан алтауын қалдырады. Содан үшінші орынғы ілігудің өзі – бап пен бақ. Енді осы орынды өткен айда сынған қолына салынған гипспен алғанын білсеңіз, құрметіңіз арта түседі.

Ал Галышеваның дайындығын қарасаңыз, АҚШ, Еуропа, Алматы және Өскеменнің тауларында жаттыққан екен. Бұл спорттың түрінде бір нәтижеге жету үшін жылдың кемі 200 күнін қарда өткізуің керек. Әр күн сайын екі рет екі сағаттан жаттығуың сай болуы керек. Не деген азап деймін.. Біз секілді осында отырып алып, әркімнің комментарийін аңдуға да уақыты болмады-ау) Осылай он екі жылдық еңбектің өтеуі кеше берілді. Қай жарысқа бармасын, әйтеуір, медаль алып қайтатын нәтижелі спортшы еді ғой, мәләдес! Жарады!

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-l-des-zharady-797053](https://yvision.kz/kk/post/m-l-des-zharady-797053)