---
title: "МҚІСЖҚА Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов азаматтардың сұрақтарына жауап береді"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының орынб..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2019-02-26T05:25:53+00:00"
modified: "2019-02-26T05:25:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-iszh-a-t-ra-asyny-orynbasary-olzhas-bektenov-azamattardy-s-ra-taryna-zhauap-beredi-827132"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-iszh-a-t-ra-asyny-orynbasary-olzhas-bektenov-azamattardy-s-ra-taryna-zhauap-beredi-827132/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# МҚІСЖҚА Төрағасының орынбасары Олжас Бектенов азаматтардың сұрақтарына жауап береді

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының орынб...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасының орынбасары Олжас Бектеновтың қатысуымен а.ж. 26 ақпанда Астана уақыты бойынша сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін интернет-конференция өтеді.

Агенттік Төрағасының орынбасары сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру мәселелері бойынша сұрақтарға жауап беретін болады.

Интернет-конференция «Ашық диалог» порталында нақты уақыт режимінде өтеді.

Сұрақ қою үшін kyzmet.gov.kz мекенжайы бойынша Агенттіктің сайтына немесе dialog.egov.kz веб-торабына кіріп, «Интернет-конференция» бөлімін таңдау қажет.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-iszh-a-t-ra-asyny-orynbasary-olzhas-bektenov-azamattardy-s-ra-taryna-zhauap-beredi-827132](https://yvision.kz/kk/post/m-iszh-a-t-ra-asyny-orynbasary-olzhas-bektenov-azamattardy-s-ra-taryna-zhauap-beredi-827132)