---
title: "Мұхит асқан балалардың тағдыры"
description: "«Қазақ жетімін жылатпаған ел» десек те, шетте жүрген кішкентай балаларымыз бар. Оларды басқа мемлеке..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-28T14:37:16+00:00"
modified: "2015-06-28T14:37:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-hit-as-an-balalardy-ta-dyry-517271"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-hit-as-an-balalardy-ta-dyry-517271/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мұхит асқан балалардың тағдыры

> «Қазақ жетімін жылатпаған ел» десек те, шетте жүрген кішкентай балаларымыз бар. Оларды басқа мемлеке...

**«Қазақ жетімін жылатпаған ел» десек те, шетте жүрген кішкентай балаларымыз бар. Оларды басқа мемлекет азаматтары асырап алған. Бұл жолы «Қазақстан» ұлттық арнасынан жүретін «Шетелдегі қазақ балалары» жобасы АҚШ-тың Чикаго қаласындағы қазақ бүлдіршіндерінің бүгінгі өмірі туралы көрсетті. Хабарды бағдарламаның [мұрағатынан](http://kaztv.kaztrk.kz/kz/programs/sheteldegi_kazak_balalary/archiv) көре аласыздар.**

**

![Мұхит асқан балалардың тағдыры](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/DlZZtfo4Yo8y6rehWtrsr9X7mW2JpB.png)

**

Туған жерінен жырақта өсіп келе жатса да, бала жүрегі Отанын аңсайды. «Қазақстанға барамын. Анам 12-13 жасқа толғанда алып барамын деп сөз берді...», - дейді шетел асқан қазақ бүлдіршіндерінің бірі.

Ал, ондағы ата-ана бауырына басқан баласының: «Осындағы қазақ жастарымен көбірек араласқанын қалаймын...».

Баласын жетімдер үйіне өткізерде ешбір дерек қалдырмаған жандардың бірі – Мәдинаның анасы.

Мәдинаны асырап алған шетелдік ана баланың ата-анасы, туыстары туралы ешқандай деректің жоғын айтады.

28 маусым күні көрсетілген «Шетелдегі қазақ балалары» хабары Чикаго қаласында өмір сүріп жатқан Махаббат, Мәдина, Әділет, Салтанат есімді бүлдіршіндердің тағдырына тоқталмақ.

Қазіргі уақытта «Қазақстан» ұлттық арнасында «Шетелдегі қазақ балалары» жобасының үшінші маусымы жүріп жатыр.

Бағдарламаның мақсаты - жат жұртта тәрбиеленіп жатқан жетімдерімізге туған елі, ұлты, тілі, діні туралы айтып, сәби санасына сәуле түсіру. Соңғы 15 жылда 9 мыңнан астам қазақ баласын шетелдіктер асырап алған. Осыншама баланың тағдыры не болды? Өмірі, ата-анасы қандай және кімдер? Туған жері, тегі, шыққан ортасы қайсы? Журналист осы сауалдарға жауап іздейді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-hit-as-an-balalardy-ta-dyry-517271](https://yvision.kz/kk/post/m-hit-as-an-balalardy-ta-dyry-517271)