---
title: "Мұхаммед Әли: «Мен қалай Мұхаммед Әли атандым?»"
description: "«Бала кезімде мен үшін бәрі қызықты болатын. Әжеммен еріп шіркеуге барғанда онда ілініп турған суре..."
author: "dina_sharipkhanova"
published: "2016-04-06T04:21:50+00:00"
modified: "2016-04-06T04:25:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-hammed-li-men-alay-m-hammed-li-atandym-687629"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-hammed-li-men-alay-m-hammed-li-atandym-687629/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мұхаммед Әли: «Мен қалай Мұхаммед Әли атандым?»

> «Бала кезімде мен үшін бәрі қызықты болатын. Әжеммен еріп шіркеуге барғанда онда ілініп турған суре...

![Мұхаммед Әли: «Мен қалай Мұхаммед Әли атандым?»](https://storage.yvision.kz/images/user/dina_sharipkhanova/fxyy8Xp0sZQuSI9Tp5M4MBj6W3hp0Q.jpg)

«Бала кезімде мен үшін бәрі қызықты болатын. Әжеммен еріп шіркеуге барғанда онда ілініп турған суреттерді көріп өзіме әртүрлі сұрақтар қоятынмын. «Неге періштелер ақ түсті?», «Неге Иса ақ түсті», «Неге әлемдегі барлық жақсы ақ түсі, ал, жаман нәрсенің барлығы қара түсті?», «Неге сен жаман адам болсаң «қара тізімге» кіресің, тіпті шайтан да қара-қызыл түсті?». Осы ойлар маған маза бермеді. Бұл жерде бір нәрсе дұрыс емес деп білдім. Еуропалықтар бізді алдап дінімізді тартып алды, бізге өздерінің есімдерін берді. Алтын медальды жеңіп алғаннан кейін, ақ түстілерді мойындату үшін, қара түстілер тамақтануға рұхсат жоқ "Downtown" мейрамханасына тамақтануға келдім. Енді кедей емеспін, қолымда алтын медаль, олимпиада чемпионымын деген оймен келіп тапсырыс берейін дегенімде ешнәрсеге қарамастан мені ол жерден қуып шықты. Мен Америка үшін күресіп жеңіс әкелдім, бірақ сол елдің мейрамханасынан тамақтана алмаймын. Бұл өте өкінішті және аянышты болды. Сол күні жағаға келіп өз медалімді суға лақтырып жібердім.

> "Я больше мусульманин, чем боксер." Мұхаммед Әли

Осыдан кейін Мұхаммед пайғамбар( ﷺ ) жайында және Ислам дінінде ешқандай нәсілшілдік жоқ екендігі туралы естідім. Мен кеудемді жайлаған үлкен ренішпен мешітке келдім ондағы барлық адамдар тыныштықта намаз уақытын күтіп отыр екен. Ішке кіріп отырғанан кейін ондағы адамдарды сырттай бақыладым. Ондағы қара түстілер мен ақ түстілер бір-бірімен бірге сөйлесіп, бірге күліп, бірге намаз оқып жатқанын көргенде өзімді қатты бақытты сезіндім. Әр түрлі нәсілді адамдардың бір-бірін құшақтап жатқанын көргенде төбемнен жай түскендей болды, тіпті бір сәт көзіме жас келді. Оларды бақылап отырғанымда мешіттің имамы келіп амандасты да, мені бұрын бұл жерден көрмегенін айтты, ал мен кідірместен өзімнің мұсылман болғым келетіндігі жайында айтым. Намазға жығылу уақыты аяқталғаннан соң имам мені өзіне шақырып: «Сіз Алладан басқа құдайдың жоқтығына, Мұхаммед оның құлы және елшісі екендігіне куәлік етесіз бе?» деп сұрады. Мен өз куәлігімді бергенде ондағылардың барлығы «Аллаһ Акбар» деп дауыстады. Мен жылаймын деп ойламадым, бірақ көзіме келген жасты тоқтата алмадым. Мешіт имамы да көзіне жас алды, барлығы мені құшақтап, құттықтау айтты. Бұдан кейін есімімді Мұхаммед Әлиге өзгерттім. Олимпиадада жеңіске жеткенімде жыламаған көз жасым мұсылман болғанда келді. Мен өзімді боксшыға қарағанда көбірек Мұсылманмын деп есептеймін.»

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-hammed-li-men-alay-m-hammed-li-atandym-687629](https://yvision.kz/kk/post/m-hammed-li-men-alay-m-hammed-li-atandym-687629)