---
title: "Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы"
description: "Тарбағатай тауларын алғашқы адамдар б.з.д 4 мың жыл бұрын мекендей бастаған. Ғарыштан қарағанда тау ..."
author: "user1612113529109870"
published: "2020-08-08T13:11:48+00:00"
modified: "2020-08-10T05:53:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-hamedrahim-ydyrbay-ly-k-ngey-tarba-atay-arheologiyaly-eskertkishterin-unesco-tizimine-endiru-zholy-863282"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-hamedrahim-ydyrbay-ly-k-ngey-tarba-atay-arheologiyaly-eskertkishterin-unesco-tizimine-endiru-zholy-863282/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы

> Тарбағатай тауларын алғашқы адамдар б.з.д 4 мың жыл бұрын мекендей бастаған. Ғарыштан қарағанда тау ...

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/caee0ca4f5e51d441bffbb646a1f4d.jpg)

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/b186e717dfd93c90a4e4077fcab3d5.jpg)

Тарбағатай тауларын алғашқы адамдар б.з.д 4 мың жыл бұрын мекендей бастаған. Ғарыштан қарағанда тау жондары батыстан шығысқа қарай ені 55 км, ұзынды 300 км жоталарды құрайды.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/a62a999445e41c70d213e895a6a366.jpg)

Аймақ шығысында Қытай Халық Республикасымен шектеседі.

Тарбағатай археологиялық ескерткіштері жөнінде Әлкей Марғұлан ұсынысымен 1980 жылдары атақты түрколог Алтай Аманжолов Үржар, Таскескен, Мақаншы өңірлерін аралап картаға түсірген. Сондай-ақ археолог Амантай Исин, Ғани Омаров, өлкетанушылар Жарқын Шәкәрім, Орзамбай Тұрғазин, Құсмилия Нұрқасымов, Серікбай Түгелов т.б адамдар мол материалдар жинастырып, ғылыми-әдеби еңбектер жазған.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/469628fdb30b1074758e737cddef17.jpg)

https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B2,_%D0%90%D0%BB%D1%82%D0%B0%D0%B9_%D0%A1%D0%B0%D1%80%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2%D0%B8%D1%87

Аса көрнекті лингвист-ғалым, түрколог Алтай Аманжолов (1934-2012) 1980 жылы Әлкей Марғұланның тапсырмасымен Үржар, Таскескен, Мақаншы өңірлеріне сапар шегіп археологиялық барлау жұмыстарын жүргізген. Ондағы жинақталған материалдар (петроглифтер, сақ қорғандары т.б) Қазақстанның Археологиялық картасына енгізілген.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/0b0ef5089d0160a8051abfa1faa8d8.jpg)

2006 жылы "Көкше" Академиясының қолдауымен (ректоры Жанат Қасым) Таскескен петроглифтерін зерттеу жұмыстарына кіріскенде әлемге әйгілі ғалымдар Зейнолла Самашев пен Виктор Зайберт бізге бабасын берген еді.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/f9b01787606f17d35717b34fc5700c.jpg)

2020 жылдың шілдесінде Таскескен ауылында тұратын Тарбағатай петроглифтерінің білгірі, өлкетанушы, ардақты азамат Оразамбай Тұрғазин ағаймен кездесудің сәті түсті.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/b0060e0abdb6a26669a29fc0ff6d61.jpg)

Қазақстанның белгілі өнер һәм қоғам қайраткері Жарқын Жақияұлы Шәкәрім (1947-2019) Таскескен петроглифтері туралы үлкен еңбектер қалдырды. Ол 1970 жылдары тас суреттерді қағаз бетіне түсіріп газет-журналдарға жариялады. Жарқын ағамыздың аталмыш еңбегіне ұлы ғалым Әлкей Марғұлан жоғарғы баға берген.

https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%96%D0%B0%D1%80%D2%9B%D1%8B%D0%BD_%D0%96%D0%B0%D2%9B%D0%B8%D1%8F%D2%B1%D0%BB%D1%8B_%D0%A8%D3%99%D0%BA%D3%99%D1%80%D1%96%D0%BC

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/9b93c7c9a03d21cb4744885c3d1cce.jpg)

Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің археология кафедрасының меңгерушісі, "Үржар" археологиялық ғылыми экспедициясының жетекшісі, Ғани Омаров соңғы жылдары Күнгей Тарбағатай өлкесіндегі тарихи-мәдени объектілерді зерттеу ісіне белсенді араласуда. оның жетекшілігімен Ақшәулі маңы мен Ортакөң сайларындағы қола дәуір ескерткіштері мен сақ жебелерін анықтау барысында студенттер, магистранттар және университет ұстаздарының қатысуымен көлемді археологиялық барлау жұмыстары жүргізілді.

https://www.litres.ru/g-ani-omarov/praktikalyk-arheologiya/chitat-onlayn/page-3/

https://www.litres.ru/g-ani-omarov/praktikalyk-arheologiya/chitat-onlayn/page-3/

https://cyberleninka.ru/article/n/shy-ys-aza-stanny-mayemer-m-denieti/viewer

https://cyberleninka.ru/article/n/rzhar-audanynda-y-2017-zhyl-y-arheologiyaly-barlau-zh-mystaryny-n-tizheleri-aza-stanny-kieli-geografiyasy-ha-ynda/viewer

Негізгі еңбектері:

Омаров Ғани. Практикалық археология. Алматы, 2015. Әл Фараби атындағы Қаз ҰУ, 180 бет

Омаров Ғ, Бесетаев Б.Б.Үржар ауданындағы 2017 жылғы археологиялық барлау жұмыстарының нәтижелерә (Қазақстанның киелі географиясы хақында). https://cyberleninka.ru/article/n/rzhar-audanynda-y-2017-zhyl-y-arheologiyaly-barlau-zh-mystaryny-n-tizheleri-aza-stanny-kieli-geografiyasy-ha-ynda/viewer

Бесетаев Б.Б. Тарбағатайдың күнгейіндегі көне ескерткіштер. Алаш, №6, 2017

Омаров Ғ.Қ, Бесетаев Б.Б, Сағындықова С.Т. Үржар ауданында 2016 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының алдын-ала қорытындысы// Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Халық - тарих толқынында" мемлекеттік бағдарламасы аясындағы "Археологиялық зерттеудің жаңа әдістері" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары. 30 қараша 2016 ж. / жауапты ред. Ғ.Т.Бексеитов.

- Алматы: қазақ университеті, 2016

Омаров Ғ.Қ, Жұматаева Р.С, Сагатаев С.А. ШҚО Үржар ауданында 2015 жылы жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары // "Қазіргі жоғарғы білім жүйесіндегі археология, этнология және музейтану" атты "ҮІІІ Оразбаев оқулары" халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары / Жауапты ред. А.Б.Қалыш.

- Алматы: Қазақ университеті, 2016.

- С. 162

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/ef4b690c4721c2826ba0a778e55771.png)

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/faaf56a38c55501b0c77e366bbde77.png)

Демек, Ғани Омаровпен бірге болашақ археологтар: Бесетаев Б.Б, Жұматаева Р.С, Сагатаев С.А, Сағындықова С.Т. 2015-2017 жылдары Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін барлау мен зерттеу жұмыстарына қатысқандарын мақтанышпен айтуға болады. Ғ.Омаровтың пайымдауынша қола дәуір петоглифтері денудациялық үрдіске (мүжілу) ұшыраған.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/6104b6ee11598dad4809ab76ad664f.jpg)

Ғани Омаровпен және оның командасына жетістік тілеймін.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/3852ab5f63a3f125851f5f9b84c29c.jpg)

2015 жылы археолог Амантай Исин, өлкетанушы Құсмилия Нұрқасымов т.б археологиялық экспедиция мүшелері Үржар маңындағы Бургон (Бұрған) ауылынан тік қатпарлы жартас сайлардан басталатын, адам аяғы баспаған биік тау бөктерінде орналасқан Ақперлі петроглфтеріне сапар шегіп, мол сенцациялық материалдар жинақтады.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/483e520b4c5555b7b31b492bc047e3.jpg)

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/4d8346aa122d0469a73d8288f34c54.jpg)

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/f94c32b7b59ab92f54a48578898577.jpg)

Археолог Амантай Исиннің айтуынша аталмыш жерде "Күн басты" адам бейнесінің табылуы - ол жердің аса киелі мекен болғанын айғақтайды. Өкінішке орай ол тас суретер мүжілу үстінде. Сол себепті оны UNESCO тізіміне енгізу кезек күттірмейтін мәселе.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/a4c63978b61e4410dfd5dfb08d5797.jpg)

Өлкетанушы, ақын, педагог һәм жыршы Құсмилия Жырғалыұлы Нұрқасымов ұзақ жылдар Үржар аудандық оқу бөлімін басқарды. Ол кейінгі жылдары Тарбағатай археологиялық ескерткіштерінің сақталуы мен қоғалуына зор үлес қосып жүрген азамат.

![Мұхамедрахим Қыдырбайұлы. Күнгей Тарбағатай археологиялық ескерткіштерін UNESCO тізіміне ендіру жолы](https://storage.yvision.kz/images/user/349073/e26f4359c8f10193b56aea237cef51.jpg)

Үржар аудандық өлкетану музейінің директоры Серікбек Түгелов өңірдегі археологиялық ескерткіштерді қорғау мен насихаттауда үлкен жұмыстар атқарып жатыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-hamedrahim-ydyrbay-ly-k-ngey-tarba-atay-arheologiyaly-eskertkishterin-unesco-tizimine-endiru-zholy-863282](https://yvision.kz/kk/post/m-hamedrahim-ydyrbay-ly-k-ngey-tarba-atay-arheologiyaly-eskertkishterin-unesco-tizimine-endiru-zholy-863282)