---
title: "Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі"
description: "Анамның тілі – ардақтым менің! Сен менің кішкентай кезімде әкем болып маңдайымнан сипап, өмірдің ..."
author: "makala"
published: "2014-10-17T02:29:33+00:00"
modified: "2014-10-17T02:29:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-elimizdi-m-gilik-tili-434415"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-elimizdi-m-gilik-tili-434415/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәңгілік Еліміздің Мәңгілік тілі

> Анамның тілі – ардақтым менің! Сен менің кішкентай кезімде әкем болып маңдайымнан сипап, өмірдің ...

![alt](http://mtdi.kz/images/%D0%94%D1%96%D0%BD%D0%BC%D2%B1%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%B5%D0%B4%20/__.jpg)

Анамның тілі – ардақтым менің! Сен менің кішкентай кезімде әкем болып маңдайымнан сипап, өмірдің тілін ұқтыра бастап едің-ау! Тіпті мойныңа отырғызып қуантқаның, шаттыққа бөлегенің әлі есімде. Дәстүр салтымды бойыма сіңіре ат үстінде алдыңа алып, мені көкке секірткенің бүгінде жадымда. Сенің шашасына шаң жұқтырмас шын жүйрік екеніңді сол кезде-ақ сезінгенмін. Мынау жусан иісі аңқыған дархан далада жел болып кекілімнен сипағаныңды айтсайшы! Сенен өткен жұмсақ, сенен өткен жайлы болар ма деп тамсанғанмын сонда. Ана тілім менің, бір өзің ғана мынау жарық дүниеге мән берген жарқын жүзді анам болып омырауыңа басқансың. Сонда мен көкірегіңе жабысып, төсіңнен ақ сүтіңді емірене емгенмін. Дидарыңнан ерінің намысы мен елінің аруағын биік қойған алып күшті сезінгенмін. Әзәзіл атаулыдан аласталған ақ бесігіңе салып, әлдилеп тербеткеніңде, тұла бойым рақатқа бөленіп, еріксіз ұйқыға кетуші едім. Сонда өзіңнен ғана естіген ертегі-жыр, аңыз-әңгіме түсіме еніп, мына мен ешбір жауға алдырмас берік батырға айналып шыға келетінмін. Мынау үстіміздегі көк аспанда күн күймесі қалай еркін қозғалса, мен де мынау ата-бабамнан мирас болып қолған шетсіз-шексіз сайын даламда жау біткенді жапыра еркін қозғалатынмын. О баста қалың ел үшін жасалатын қайталанбас ерлік пен батырлықты да, сол елдің болашағы үшін қажетті асыл дүние - ынтымақ пен бірлікті де, достық пен татулықты да алғаш сенен көргенім жадымда менің. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://mtdi.kz/til-saiasaty/til-tynysy/4181-mangilik-elimizdyn-mangilik-tili))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-elimizdi-m-gilik-tili-434415](https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-elimizdi-m-gilik-tili-434415)