---
title: "Мәңгілік ел – жастар бағыты"
description: "Бүгін 5 қараша күні Жастарға қызмет көрсету орталығында панельдік пікірталас өтті. Жетекші мамандар,..."
author: "CRMI"
published: "2015-11-05T04:45:06+00:00"
modified: "2015-11-05T04:45:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-el-zhastar-ba-yty-635049"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-el-zhastar-ba-yty-635049/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәңгілік ел – жастар бағыты

> Бүгін 5 қараша күні Жастарға қызмет көрсету орталығында панельдік пікірталас өтті. Жетекші мамандар,...

Бүгін 5 қараша күні Жастарға қызмет көрсету орталығында панельдік пікірталас өтті. Жетекші мамандар, қоғам өкілдері мен жас көшбасшылар жастарға «Мәңгілік Ел» идеясының негізгі мәнін түсіндірді.

![Мәңгілік ел – жастар бағыты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/t6fON117pXKOxDwGHE163MOkrzcqW9.jpg)

Көпшілік білетіндей, «Бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамындағы» 85 және 89 қадамдар «Мәіңгілік Ел» идеясына арналған. Идеяның кеңейтілген нұсқасын Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан-2050" қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты Стратегиясы» 2012 жылдың желтоқсанындағы Қазақстан халқына жолдауында жариялады.

![Мәңгілік ел – жастар бағыты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/b6IuKjNlGfzZutg0iP5jQtYi6KFGby.jpg)

Сөз сөйлеушілердің қызметтік саласы әртүрлі болғанымен, оларды еліміздің жарқын болашағына қосатын жастардың үлесі сынды үлкен бағыт біріктірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-el-zhastar-ba-yty-635049](https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-el-zhastar-ba-yty-635049)