---
title: "«Мәңгілік Ел» пойызы Павлодарда болып қайтты"
description: "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар шеңберіндегі«Мәңг..."
author: "CRMI"
published: "2016-02-25T04:45:29+00:00"
modified: "2016-02-25T04:45:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-el-poyyzy-pavlodarda-bolyp-aytty-680373"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-el-poyyzy-pavlodarda-bolyp-aytty-680373/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мәңгілік Ел» пойызы Павлодарда болып қайтты

> Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар шеңберіндегі«Мәңг...

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар шеңберіндегі«Мәңгілік Ел» пойызы өз сапарын жалғастыруда. Кеше, 24 ақпан күні ол Павлодар қаласында болып қайтты.

![«Мәңгілік Ел» пойызы Павлодарда болып қайтты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/sF3ObAECLADFEcJyC6c9Mbm9OTCgwF.jpg)

Поезд құрамында – Қазақстан халық ассамблеясының мүшелері, ғалымдар, сарапшылар, докторлар бар. Жалпы алғанда, шамамен 96 адам. Делегаттар Павлодар химия-механикалық колледжінде «Серпін» бағдарламасы бойынша оқитын студенттермен танысып, эксперементті алаңдарды көріп қайтты.

Кейін, пойызының өкілдері Бизнес колледж студенттерінің Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күніне арналған концерттік бағдарламасын тамашалады.

![«Мәңгілік Ел» пойызы Павлодарда болып қайтты](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/uUBbV94CcyU0xLJwPLB21axVQa8jF9.jpg)

Сонымен қатар, делегаттар әртүрлі бағытта жұмыс жасайтын жас мамандар, облысымыздың жас белсеңділері қатысқан «Мәңгілік Ел» ашық алаңында және үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысқан өзара қарым-қатынас жөніндегі дөңгелек үстелге қатыстысып үлгерді.

*Павлодар облысының жастар саясаты*

*мәселелері жөніндегі басқармасы.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-el-poyyzy-pavlodarda-bolyp-aytty-680373](https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-el-poyyzy-pavlodarda-bolyp-aytty-680373)