---
title: "«Мәңгілік біргеміз»"
description: "Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық нәзік сезімі. Осы «..."
author: "makala123"
published: "2015-04-17T00:22:44+00:00"
modified: "2015-04-17T00:22:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-birgemiz-492158"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-birgemiz-492158/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мәңгілік біргеміз»

> Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық нәзік сезімі. Осы «...

![«Мәңгілік біргеміз»](https://storage.yvision.kz/images/user/makala123/CqDIj147eN9GTagyuJTy2c6PNmxc7A.jpg)

Махаббат – адам жанының асыл қасиеті, асқақ мұраты, таным тұғыры, риясыз, ынтық нәзік сезімі. Осы «Ғашықтар күні» яғни 15 сәуір - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» күні еліміздің бірқатар өңірлерінде аталып өтті. Махаббат мейрамы күні Семей қалалық №2 бөлімінде «Мәңгілік біргеміз» атты акция өтті. Акция аясында ХҚКО-на некеге тұруға өтініш беруге келген жас жұптарға «Қозы Көрпеш - Баян Сұлу» поэмасы туралы аздаған сұрақтар қойылды. Сауалға мүдірмей жауап берген жұптарға қаламыздағы «Дастан», «Еңлік-Кебек» кинотеатрларына кешкі сеансқа билет табысталды. Ал жас жұбайларға өз тарапымыздан «Ғашықтар күні» құтты болсын, махаббаттарыңыз баянды болсын демекпіз!

![«Мәңгілік біргеміз»](https://storage.yvision.kz/images/user/makala123/YVUIvU2g3kE4g6ozyqWcMtV7yBhcqN.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-birgemiz-492158](https://yvision.kz/kk/post/m-gilik-birgemiz-492158)