---
title: "«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы"
description: "«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралд..."
author: "deptruda-sockst"
published: "2017-04-20T21:50:10+00:00"
modified: "2017-04-20T21:50:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gedekterge-beriletin-tehnikaly-k-mekshi-ornyn-toltyrushy-raldar-men-arnauly-zh-rip-t-ru-raldaryny--764292"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gedekterge-beriletin-tehnikaly-k-mekshi-ornyn-toltyrushy-raldar-men-arnauly-zh-rip-t-ru-raldaryny--764292/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

> «Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралд...

![«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы](https://storage.yvision.kz/images/user/deptruda-sockst/p9qBh5vmwuN1Zi0ikh4qfBCyhz8PBI.png)

«Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 шілдедегі №754 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 03 наурыздағы №102 Қаулысымен мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесіне жаңа іс-шаралар енгізілді.

Оңалтудың жеке бағдарламасы медициналық ұйым мамандарының ұсынымдарын, ұсынылатын іс-шараларға көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдерін, оңалту-сараптамалық диагностиканың нәтижелерін ескере отырып, медициналық-әлеуметтік сараптама мамандарымен әзірленеді.

**Мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарының тізбесі**

1. Протездiк-ортопедиялық құралдар:

1) қол протездерi (иық протездерi, білек протездерi, қол-саусақ протездерi);

2) жілiншiк протездерi;

3) жамбас протездерi;

4) кеуде бездерінiң протездерi;

5) аппараттар, туторлар;

6) балдақтар, таяқтар, жетек арбалар;

7) корсеттер, реклинаторлар, басұстағыштар;

8) бандаждар, емдік белбеулер, балалардың профилактикалық шалбаршалары;

9) ортопедиялық аяқкиім және қосымша құрылғылар (кебiстер, супинаторлар);

10) аппараттарға арналған аяқкиім;

11) жейде киюге арналған құрылғы;

12) колготки киюге арналған құрылғы;

13) шұлық киюге арналған құрылғы;

14) түйме тағуға арналған құрылғы (ілмек);

15) белсенді ұстағыш;

16) ыдыс-аяқты ұстауға арналған ұстағыш;

17) қақпақтарды ашуға арналған ұстағыш;

18) кілтке арналған ұстағыш.

2. Сурдотехникалық құралдар:

1) есту аппараттары;

2) веб-камерасы бар ноутбук;

3) көп функционалды дабылды жүйелер;

4) мәтiндiк хабарламасы және хабарды қабылдау қызметі бар ұялы телефондар;

5) саңырау және нашар еститін адамдарға арналған сағаттар;

6) кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорлары;

7) дауыс шығаратын аппарат.

3. Тифлотехникалық құралдар:

1) тифлотаяқтар;

2) оқу машиналары;

3) сөйлеу синтезі бар экрандық қол жеткізу бағдарламасымен қамтамасыз етілген ноутбук;

4) Брайль жүйесі бойынша жазу құралы;

5) Брайль жүйесі бойынша жазу грифелi;

6) рельефті-ноқатты қаріппен жазуға арналған қағаз;

7) дыбыспен хабар беретін және диктофоны бар ұялы телефондар;

8) дыбыс жазбасын шығаруға арналған плейерлер;

9) нашар көретін адамдарға арналған сағаттар;

10) сөз шығаратын термометр;

11) сөз шығаратын тонометр;

12) тест жолақшалары бар сөз шығаратын глюкометр;

13) брайль қарпін өз бетімен үйренуге болатын сөйлейтін құрал;

14) Брайль бойынша алмалы-салмалы әліппе;

15) көру қабілеті бұзылған мүгедектерге арналған ине сабақтағыштар, тігін инелері.

4. Арнаулы жүрiп-тұру құралдары:

1) бөлмеде жүріп-тұруға арналған кресло-арбалар;

2) серуендеуге арналған кресло-арбалар.

5. Міндетті гигиеналық құралдар:

1) несеп қабылдағыштар;

2) нәжіс қабылдағыштар;

3) жөргектер;

4) сіңіргіш жаймалар (жаялықтар);

5) катетер;

6) стоманың айналасындағы теріні қорғау және тегістеуге арналған паста-герметик;

7) қорғаныш крем;

8) сіңіргіш ұнтақ (опа);

9) иісті бейтараптандырғыш;

10) теріні тазартқыш;

11) санитарлық құрылғысы бар кресло-орындық;

12) дәретхана бөлмесіне арналған қайырмалы тіреуіш тұтқалар;

13) жуынатын бөлмеге арналған тұтқалар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-gedekterge-beriletin-tehnikaly-k-mekshi-ornyn-toltyrushy-raldar-men-arnauly-zh-rip-t-ru-raldaryny--764292](https://yvision.kz/kk/post/m-gedekterge-beriletin-tehnikaly-k-mekshi-ornyn-toltyrushy-raldar-men-arnauly-zh-rip-t-ru-raldaryny--764292)