---
title: "Мүгедек адамдарға қызмет көрсету үшін жаңа сервистер"
description: "А.ж. 3 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерл..."
author: "finpolsko"
published: "2017-05-04T22:15:23+00:00"
modified: "2017-05-04T22:15:23+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gedek-adamdar-a-yzmet-k-rsetu-shin-zha-a-servister-765821"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-gedek-adamdar-a-yzmet-k-rsetu-shin-zha-a-servister-765821/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мүгедек адамдарға қызмет көрсету үшін жаңа сервистер

> А.ж. 3 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерл...

![Мүгедек адамдарға қызмет көрсету үшін жаңа сервистер](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/qQb8zomoME3iWBi9H0lj32LP3zgGJC.jpg)

А.ж. 3 мамырда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының СҚО бойынша филиалы - «ХҚКО» департаментінің № 1 бөлімінде «Электронды үкімет» арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізу жаңа мүмкіндіктерін және шарттарын түсіндіру» - атты семинар болып өтті, осы семинарға СҚО бойынша мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі департаментінің мемлекеттік қызмет басқармасының бас маманы Ә.А. Ержанова, «Біз қолдаймыз!» қоғамдық қорының және мүгедектік спорт федерациясының өкілдері қатысты.

![Мүгедек адамдарға қызмет көрсету үшін жаңа сервистер](https://storage.yvision.kz/images/user/finpolsko/fkayF7IAd877ynnchNHJOlE6e6QWDi.jpg)

Семинар барысында, есту және сөйлеу қабілеттері шектеулі адамдар үшін кедергісіз мемлекеттік қызметтерді алу үшін «SURDO-ONLINE» онлайн-аударма қызметінің жобасы ұсынылды және оның жұмысы жөнінде түсіндірме берілді. Осы жоба «Азаматтарға арналған үкімет» МК және «Қазақстан Республикалық Ауғанстандағы соғыс мүгедектерінің қоғамы» ҚБ-тің бастамасы бойынша енгізілді.

Сонымен қатар, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға қажетті азаматтың мәртебесін нақтылау үшін электрондық үкімет порталы арқылы, ХҚКО-ларда орналасқан өзіне-өзі қызмет көрсету және қол жеткізу қоғамдық орындарындағы мүмкіндіктері туралы, сондай-ақ ХҚКО ғимараттарында мүгедектерге жасалған жағдайлар туралы мәселеле қарастырылды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-gedek-adamdar-a-yzmet-k-rsetu-shin-zha-a-servister-765821](https://yvision.kz/kk/post/m-gedek-adamdar-a-yzmet-k-rsetu-shin-zha-a-servister-765821)