---
title: "Мүфтият ай есебін де білмей ме?"
description: "Астрономиялық есеп бойынша күн мен айдың шығуы, батуы, тууы, көрінуі сағат, минутына дейін бірнеше ай, тіпті бір жыл бұрын есептеледі және бұл есепте жаңылысу болмайды. Осындай есеп бойынша мұсылман мерекелері және жылдың әр уақытындағы бес мезгіл..."
author: "jan.123"
published: "2024-06-09T06:24:13+00:00"
modified: "2024-06-09T06:24:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-ftiyat-ay-esebin-de-bilmey-me-1005451"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-ftiyat-ay-esebin-de-bilmey-me-1005451/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мүфтият ай есебін де білмей ме?

> Астрономиялық есеп бойынша күн мен айдың шығуы, батуы, тууы, көрінуі сағат, минутына дейін бірнеше ай, тіпті бір жыл бұрын есептеледі және бұл есепте жаңылысу болмайды. Осындай есеп бойынша мұсылман мерекелері және жылдың әр уақытындағы бес мезгіл...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/01e0e0a825303cf5e7a4fa1813cd85.jpg)

Астрономиялық есеп бойынша күн мен айдың шығуы, батуы, тууы, көрінуі сағат, минутына дейін бірнеше ай, тіпті бір жыл бұрын есептеледі және бұл есепте жаңылысу болмайды.

Осындай есеп бойынша мұсылман мерекелері және жылдың әр уақытындағы бес мезгіл намаздың уақыты да алдын ала белгіленіп жамағатқа хабарланады. Осындай есепке сүйенген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы да Ораза, Құрбан айт мерекелерін бірнеше ай бұрын хабарлайды. Өткен жылдың күзінде Ораза және Құрбан айт мерекелерінің қашан басталатыны хабарланды. Бұдан бір-екі айдай уақыт бұрын да Құрбан айттың 17 маусымда басталатыны туралы ақпарат пайда болды. Осыған орай үш күн қатарынан демалыс болатыны туралы да айтылып жатты. Осы күнге орай көпшілік өздерінің демалыстарын және басқа өңірлерге баратын сапарларын белгіледі, кейбіреулері алдын ала жол билеттерін де сатып алды. Бірақ Құрбан айтқа 8-9 күн қалғанда аяқ астынан еліміздің мүфтияты Құрбан айттың 16 маусымда басталатыны туралы хабарлама жасады. Жұрт аң-таң болды. Бұл қалай?

Олардың жаңа айдың қашан туатынын білмегені ме? Астрономиядан хабарлары жоқ па? Көпшіліктің үш күнге жоспарлаған тіршілігін быт- шыт еткені несі? Олар бұл туралы тіпті кешірім де сұрамады. Ештеңе болмағандай, ештеңе етпейтіндей түр танытты. Құрбан айт алдындағы жұрттың көңіл-күйі де түсіп кетті.

Мүфтияттың бұнысы несі деп таңданғандардан кешірім сұраса да жөн болар еді ғой.

### [Бекмырза Сырымбетұлы](https://www.facebook.com/profile.php?id=100045921850570&__cft__[0]=AZXHTOtWmXj2pRtXFTaD6gOhoBNqVGh_SEVYGbu9OaLZ7hVFEFSDQeA2QgTjUfVvM1Ry1kbhm-KHcJYqeIPiKN-1koA03cftNIjTNQdUcfVHMrn7T-lIIiM_60Ez3_2CUJkemh9028qL25hs0wkUHusgrJ5vLezv7TgcD_y9F0o1o9xN_-l-aX2zpfeBjB5_0915cB37uJNfjzKAL_FilTsu&__tn__=-UC%2CP-R-R)**ның жазбасы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-ftiyat-ay-esebin-de-bilmey-me-1005451](https://yvision.kz/kk/post/m-ftiyat-ay-esebin-de-bilmey-me-1005451)