---
title: "Мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу."
description: "2015 жылдың 15 шілдесінде Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының концерт залында Д..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-07-16T23:56:21+00:00"
modified: "2015-07-16T23:56:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-deniet-salasy-yzmetkerlerimen-kezdesu-522358"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-deniet-salasy-yzmetkerlerimen-kezdesu-522358/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу.

> 2015 жылдың 15 шілдесінде Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының концерт залында Д...

![Мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу.](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/Yqz0R2yR8pK0zbxZasbTx450lxrPDr.jpg)

2015 жылдың 15 шілдесінде Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығының концерт залында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен «Орал қаласы – мәдени өсу мен рухани кемелденудің ордасы» семинар-кеңесі аясында мәдениет саласының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыруға арналған кездесу өтті.

Мәдениет саласы ұрпақты адамгершілікке, рухани тұрғыда тәрбиелеуде ерекше орын алады. Мәдениет қызметкерлері қоғамда рухани құндылықтарды қалыптастыруда маңызды рөлге ие. Осы мақсатта облысымызда мәдениет саласының қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері ұдайы жетілдіру шаралары тұрақты түрде өткізіледі.

Департаменттің алдында тұрған басым міндеттерінің бірі мемлекеттік мекемелер және азаматтық институттармен бірлесіп сыбайлас жемқорлық көріністеріне мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру, қоғам өкілдерінің құқықтық сауаттылығын арттыру, жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен адамгершілік қасиеттерді дамыту болып табылады.

Кездесуде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің 2015 жылғы І жартыжылдығының қорытындысы, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу құжатының негізгі бағыттары және жемқорлыққа әкелетін жағдайлардың алдын алу мәселелері түсіндіріліп, жемқорлық жасаған үшін жауапкершіліктен босатылмайтындығына ерекше назар аударылды.

![Мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу.](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/pt0qXFXJ2fqNPb1SiXNt71HL9RK4Sn.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-deniet-salasy-yzmetkerlerimen-kezdesu-522358](https://yvision.kz/kk/post/m-deniet-salasy-yzmetkerlerimen-kezdesu-522358)