---
title: "Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер, кинемотография ұйымдары қайраткерлерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі"
description: "ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (бұдан әрі - Агентті..."
author: "AlmatyAnticorruption"
published: "2015-12-13T03:25:10+00:00"
modified: "2015-12-13T03:25:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-deniet-b-araly-a-parat-raldary-men-zhurnalister-kinemotografiya-yymdary-ayratkerlerini-sybaylas-zh-667786"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-deniet-b-araly-a-parat-raldary-men-zhurnalister-kinemotografiya-yymdary-ayratkerlerini-sybaylas-zh-667786/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер, кинемотография ұйымдары қайраткерлерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі

> ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (бұдан әрі - Агентті...

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (бұдан әрі - Агенттік), «Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер, кино ұйымдары қайраткерлерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі» тақырыбында еліміздің барлық өңірлерінде бейне мəжіліс түрінде диалог алаң ұйымдастырды. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті тарапынан, бұқаралық ақпарат құралдары, кино, ғаламтор қауымдастықтары, Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм АҚ-ның, «Алматы Ақшамы», «Вечерний Алматы» және Алматы телеарнасы басшылары мен өкілдері шақырылды.

Агенттіктің мемлекеттік қызмет істер департаменті мен сыбайлас жемқорлықты алдын алу Басқармасының бастығы **Әли Көмекбаев**, Агенттікпен ашық ынтымақтастық туралы келісімді одан әрі жүзеге асыру үшін шақырылған журналистер одағының, ғаламтор қауымдастығы, Кинематографистер және Қазақстан Жазушылар одағының басшылары және өкілдерімен жоспарды талқылады.

Қазақстан журналистер Одағының төрағасы **Сейтқазы Матаев,** Агенттікпен бірлескен келісімді Одақ қолдайтынын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мен оның одан әрі орындалуын және бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамдағы қазақстандық патриотизм сезімін нығайтуға дайын екендігін білдірді.

Қазақстан ғаламтор Қауымдастығының Президенті **Шавкат Сабиров** Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ҚР Сыртқы істер министрлігімен және т.б. мемлекеттік мекемелермен екіара қарым қатынастарын мысал ретінде келтіре отырып өз тарапынан Ашық келісімді толық қолдайтынын және ғаламтор арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алу саласындағы қабылданған шаралар туралы, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша бірлескен шаралар оң нәтижелерге жеткізетіндігін атап өтті.

Қазақстан кинематографистер Одағының төрағасы **Игорь Вовнянко** мемлекеттің және азаматтық қоғамның күш-жігерін шоғырландыруға кинематография саласындағы ынтымақтастық оң әсерге және осыған қатысты Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің маңызды рөлі қысқаметражды фильмдер немесе бейне роликтерді ғана қаржыландырумен шектелмей қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған көркем картиналарды қолға алу жайлы мәлімдеді.

![Мәдениет, бұқаралық ақпарат құралдары мен журналистер, кинемотография ұйымдары қайраткерлерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі рөлі](https://storage.yvision.kz/images/user/almatyanticorruption/OfMNSxur7LT5YF57VT7qA62xhq48z0.jpg)

Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі **Алмас Жұмағұлов**, мемлекеттік қызмет және мемлекеттік билік мекемелерінің имиджін көтеру Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке және құзыретті органның алдына қойған басты міндеті екенін айта келе, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға қолдау білдіре отырып Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм АҚ толық Ашық келісімге толығымен қосылатынын жеткізді. ҚР Есеп комитетінің қызметкерлерінің оң имиджі туралы фильм шыққаны, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттіктің жұмысы туралы фильм аяқталуға аз қалғаны жайлы мәлімдеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-deniet-b-araly-a-parat-raldary-men-zhurnalister-kinemotografiya-yymdary-ayratkerlerini-sybaylas-zh-667786](https://yvision.kz/kk/post/m-deniet-b-araly-a-parat-raldary-men-zhurnalister-kinemotografiya-yymdary-ayratkerlerini-sybaylas-zh-667786)