---
title: "Мәдени аула"
description: "Бүгін, 4 маусым күні сағат 16.00-де Қостанай облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасы жанынан..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2021-06-04T08:54:31+00:00"
modified: "2021-06-04T08:54:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-deni-aula-937966"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-deni-aula-937966/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мәдени аула

> Бүгін, 4 маусым күні сағат 16.00-де Қостанай облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасы жанынан...

Бүгін, 4 маусым күні сағат 16.00-де Қостанай облысы әкімдігінің облыстық мәдениет басқармасы жанынан «Мәдени ауланың» ашылуы болады. «Мәдени аула» - шығармашылық шеберханаларға қатысып, жаңа кітаптар туралы біліп, үстел ойындарын ойнап, шеберлер жәрмеңкесін тамашалап бүкіл отбасымен уақыт өткізуге болатын кеңістік. Сондай-ақ, өзіңіздің кітабыңызды әкеліп, басқа ұнаған кітапты алуға болатын буккроссинг қатысушысы бола аласыз. Сейсенбіден жұмаға дейін сағат 16.00-18.00 аралығында сіздерді Әл-Фараби даңғылы, 60 мекен-жайында күтеміз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-deni-aula-937966](https://yvision.kz/kk/post/m-deni-aula-937966)