---
title: "Мұарағаттық анықтама"
description: "Сізге еңбек өтіліңізді растау қажет пе? Бұрыңғы жұмыс орныңыздан еңбек ақы туралы, зейнетақы және ..."
author: "makala123"
published: "2014-12-10T00:48:50+00:00"
modified: "2014-12-10T00:48:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-ara-atty-any-tama-447632"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-ara-atty-any-tama-447632/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мұарағаттық анықтама

> Сізге еңбек өтіліңізді растау қажет пе? Бұрыңғы жұмыс орныңыздан еңбек ақы туралы, зейнетақы және ...

![Мұарағаттық анықтама](https://storage.yvision.kz/images/user/makala123/57KoCeYifUrExP842CuyFABLW9T2t9.jpg)

Сізге еңбек өтіліңізді растау қажет пе? Бұрыңғы жұмыс орныңыздан еңбек ақы туралы, зейнетақы және әлеуметтік аударымдар мөлшері туралы ақпараттар жинап жүрсіз бе, ал ұйым жабылып қалған ба? Онда Сіз мұрағаттық құжаттарды Халыққа қызмет көрсету орталығында алуға болады. Біздің сіздерге ұсынатын мемлекеттік қызметіміз бір түрі «Мұрағаттық анықтама беру» Тұтынушы өзіне жақын орналасқан Орталыққа келіп, расталуы қажет мәліметтер көрсетілетін өтінішті толтырады. Тұтынушы жеке өзі келгенде тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы және көшірмесі немесе өзге тұлғаның берілген нотариалды куәландырылмаған жазбаша сенімхаты болу қажет. Қажет болған жағдайда тұтынушы өтінішке тиісті құжаттар мен материалдарды не олардың көшірмелерін қоса береді. Орталық қызметкері барлық құжатты қабылдаған соң сол сәттен бастап күнтізбелік он бес күн ішінде анықтамаңызды ала алсыз. Егер уақыты бес жылдан астам құжаттарды зерделеу қажет болған жағдайларда Мұрағат басшысы мемлекеттік қызметті көрсету мерзімін күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімге ұзартуы мүмкін, бұл туралы құжаттар тіркелген күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде Орталыққа хабарланады. Жекелеген жағдайларда мұрағат басшылығы орындалу мерзімін 6 айға дейін ұзартуы мүмкін, бұл туралы шешім қабылданған күнінен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тиісті себептері көрсетіліп Орталыққа хабарланады. Орталық өз кезегінде Мұрағат шешімін алған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде тұтынушыға хабарланады;

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-ara-atty-any-tama-447632](https://yvision.kz/kk/post/m-ara-atty-any-tama-447632)