---
title: "Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені."
description: "Наурыз айының алтыншы жұлдызында ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында көрнекті композитор, қазақ кәсіб..."
author: "Arsik"
published: "2013-03-11T03:23:13+00:00"
modified: "2013-03-11T03:23:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-an-t-lebaev-asyr-ueni-341564"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-an-t-lebaev-asyr-ueni-341564/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.

> Наурыз айының алтыншы жұлдызында ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында көрнекті композитор, қазақ кәсіб...

*Наурыз айының алтыншы жұлдызында ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайында көрнекті композитор, қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері Мұқан Төлебаевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Ғасыр әуені» атты көрме ашылды.*

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/545sndZgbFRocjpqzsMGyfbrMDUDbp.jpg)

Көрмеде Мұқан Төлебаевтың өмірі туралы кітаптар, фотометериалдар, құжаттар және өзіне тиесілі жеке заттар мен сыйлықтар, оның ішінде Сталин сыйлығының лауреат белгісі қойылған.

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Z6h9hA9TyeLIReh7wcdIL8p5neS15u.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/awAf6k5F70r9z40R4bzKfhKCqsTm65.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/4u01C8cdVXY6DvIMQ4MSpVNDwvt88y.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/87NycReuU885L2eaoE145S4Iu9QKk4.jpg)

*Мұқан Төлебаевтың роялі*

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/8jEUZF3OlL3UhUB0VG4Ofmgkr0t4MN.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/UaSkH19OWWPRWvVYYlswsFw21h61np.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/xkeRPSGJ6RgochCQw22Qq2JPyn4FXD.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/7YhVfoGzxgRpzKzk0Y612TkKV0u9Ky.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/p4snH42v0KbpJ5OLkuGBX1C4v1xQiN.jpg)

*Мұқан Төлебаевтың креслосы*

*Жоғарыда тұрған «Мұқан Төлебаев портретінің» авторы О.Д.Кужеленко*

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/UPBBjhlioUy6aj1hTccz02J7tGE45w.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/FoANLBBt7VT3E8kG4XYJQ99X3A47dV.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/FhXbGzRGeNcm3OZ7km1y6fOv8EAW32.jpg)

Композитордың шығармашылығын зерттеуші профессор Н.С.**Кетегенова**:

— Мен Мұқанның шығармашылығын елуінші жылдардан бері зерттеп келемін. Қарап отырсам, музыкант, композитор болмаса, Біржан сал, Жаяу Мұса, Ыбырай, Ақан сері сынды ақынның бірі болар еді. Мұқанның бір жақсы жері оның есту қабілеті өте сезімтал болатын. Кез келген өлеңді бір рет естісе болғаны, оны жаттап алып, сол күйінше айтып бере алатын.

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/p1tIIQb4zi39iqbnYqX86p6H69hAGJ.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/N8N3JbwgW4PZvF7114oo9jS0WDQtx8.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/5Ico2wsAOpmJfBGeHaqGwp0f9YPp0D.jpg)

**Мұратбек Әбубәкіров**, өнертанушы:

— Мұқан Төлебаевты бала кезімнен білемін. Ол кезде кішкентаймыз, атамызға еріп ақын-жазушылардың ортасында көп болғанмын. Мұқан Төлебаев, әнші ағайынды Абдуллиндер, Бибігүл Төлегенова, Ермек Серкебаев сынды әншілердің ортасында жиі болатынбыз. Кішкентай болсам да Мұқан Төлебаевтың өзін көрдім, ойнағанын естідім. Қазір қанша жыл өткеннен кейін қарап отырсам, оның сол кезде талмай істеген еңбегінің бәрі бағаланып жатыр. Қазір қанша ұрпағына мұра болып қалып отыр. «Ұлы алыстан көрінеді» дегендей, бұл көрмедегі дүниелерді көру сендер үшін қызық. Мұқан кәсіби музыка өнерінің негізін салушылардың тұңғышы болғандықтан оның орны қашанда ерекше.

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/0eCw61C9i85cwhDhs9tv6yyoe3TKrs.jpg)

**Еркін**, көрермен:

— Мұқан Төлебаев өте жақсы композитор. Бүгінгі көрмені көре отырып оның артындағы ұрпақтарына мол мұра қалдырдырып кеткендігінің куәсі болып отырмыз. Біз оны өте сыйлаймыз.

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/4TAsWyFEjOFv9E0f1R7V28ZR1kGh62.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/2DC8htZ4HnOuqoiAAZR2E34ovnS1b8.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/bgAuIWSiVkNGF4f6OQQ26xNW67sxCm.jpg)

*Мұқанның анасы Тәжібала өмірден ерте озды, дарынды композитор жоқтап жазған «Ана зары», «Толғау» атты қолжазбаларының түпнұсқасы.*

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Gbez6iqagodh5Fr9L4hyXMc9YrGDKF.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Yp3izF0U29MNFlWAGggDIS6UAbu2hI.jpg)

*Суретші А.Ненашевтің «Амангелді» және «Біржан-Сара» операларының сахналық эскиздері.*

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/nebIah7tQ6ut23uwNYd75ehU8FnU3E.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/QS9P9V66npcvA31VXzvlkztEivGKTb.jpg)

1946 жылы композитор, осы күнгі қазақ операсының классикалық үлгісіне айналған «Біржан-Сара» (либреттосын жазған Қ.Жұмалиев) операсын жазды.

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/V4XvgmgRbDUGMK4d6T7sZ9gE9b22pO.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/AEj3OAzFf08jAv4tR4489vRCiK4wkV.jpg)

Мұқан Төлебаев 1945 жылы Е.Брусиловский және Л.Хамидимен бірігіп Қазақ СССР Мемлекеттік әнұранын жазды.

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/2yg3DT0PP3Qw9pPeA5pGZg0CeIvRk0.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/h2t77Uc8709KU8VEKu88ki7JDl4vN6.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/BYozoYRWi1XosRvIdYPI1m01i0jF2t.jpg)

**Динара**, көрермен:

— Көрме өте ұнады. Мұқан Төлебаевтың өмірі жайлы бұрын-соңды білмеген біраз жаңа мәліметтер білдім.

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/Df4NnbqdNEN8lfPD83025Zf4rVD7n4.jpg)

**Нұрбақыт**, көрермен:

— Атақты композитор Мұқан Төлебаевтың туған күніне арналған бұл көрме өте ұнады. Дүниеге алып келген шығармаларынан бастап, көзі тірісінде қолданған дүниелеріне дейін көріп, бір сәтке Мұқан Төлебаевтың әлеміне кіріп кеткендей болып отырмыз...

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/64iwkiis0ixpw1Qdaea9O4VKc0E4M6.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/gNACvrYVg1xOsFxL4GSjnd11gyI4Fp.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/2N5SVOfftaT7WgMo07TBdb6V2f645Y.jpg)

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/BPjS6DaIhc6Il831gvokY3xyPYO0eJ.jpg)

Мұқан Төлебаевтың шығармашылығы көпқырлы, сан алуан жанрларды қамтиды. Ол спектакльдер мен кинофильмдерге музыка, кантата, опера, камералық-аспаптық туындылар және хорға арналған симфониялық шығармалар жазды. Олардың ішінде «Амангелді» (Ғ.Мүсірепов либреттосы) операсы, «Қазақстан» симфониялық поэмасы мен «Коммунизм оты» кантатасын ерекше атап өтуге болады.

![Мұқан Төлебаев. Ғасыр әуені.](https://storage.yvision.kz/images/user/rakisheva/CqvN9pZUWyd7Zv2WYKvv3C1OOhiElM.jpg)

Көрме сәуір айының соңына дейін жалғасады. **Мекен-жайы**: ҚР Мемлекеттік Орталық мұражайын, Самал-1, 44 үй. Байланыс телефондары: 264-46-50, 264-46-44, 264-55-77.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-an-t-lebaev-asyr-ueni-341564](https://yvision.kz/kk/post/m-an-t-lebaev-asyr-ueni-341564)