---
title: "Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық па: министр жауап берді"
description: "Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық ретінде санала ма? Бұл сауалға Қазақстанның Білім және ғылым министрі..."
author: "anticorruptionAO"
published: "2021-05-31T05:46:16+00:00"
modified: "2021-05-31T05:46:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-alimge-g-l-syylau-zhem-orly-pa-ministr-zhauap-berdi-937255"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-alimge-g-l-syylau-zhem-orly-pa-ministr-zhauap-berdi-937255/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық па: министр жауап берді

> Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық ретінде санала ма? Бұл сауалға Қазақстанның Білім және ғылым министрі...

Мұғалімге гүл сыйлау жемқорлық ретінде санала ма? Бұл сауалға Қазақстанның Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жауап берді деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап taldykorgan-online. kz.

Отандық телеарналардың біріне берген сұқбат барысында Білім және ғылым министрі соңғы қоңырау жақындаған сәтте әлеуметтік желіде «Мұғалімдерге гүл сыйлау жемқорлық саналады» деген сынды пікірлердің өршіп кетуіне байланысты пікір білдірді. «Мұғалімдерге гүл сыйлау жемқорлық деп саналады… Олай санайтын кім? Біз оны жемқорлық деп есептемейміз. Сондықтан да ненің жемқорлық, ненің жемқорлық емес екендігін нақты ажырата білуіміз керек. Бала бірінші сынып табалдырығын аттаған кезде ұстазына гүл сыйласа, онда бұл жемқорлық емес», — деді Асхат Аймағамбетов.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-alimge-g-l-syylau-zhem-orly-pa-ministr-zhauap-berdi-937255](https://yvision.kz/kk/post/m-alimge-g-l-syylau-zhem-orly-pa-ministr-zhauap-berdi-937255)