---
title: "Мұғалімдерге дәріс оқылды."
description: "Бүгін 6 сәуір күні Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс..."
author: "anticorruption_tz"
published: "2015-04-06T07:54:09+00:00"
modified: "2015-06-18T04:21:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-alimderge-d-ris-o-yldy-488794"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/m-alimderge-d-ris-o-yldy-488794/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Мұғалімдерге дәріс оқылды.

> Бүгін 6 сәуір күні Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс...

Бүгін 6 сәуір күні Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығында ағылшын пәні мұғалімдеріне дәріс оқыды. Бүгінде тұрмыстық жемқорлық кеңінен тараған салалардың бірі – білім саласы болғандықтан, педагогтарға «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясының» негізгі міндеттері түсіндірілді. Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар бойынша мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауаптар алды.

![w1bfjrVxy2Fob2TwygsMHaw34OV4D5.jpg](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruption_tz/w1bfjrVxy2Fob2TwygsMHaw34OV4D5.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/m-alimderge-d-ris-o-yldy-488794](https://yvision.kz/kk/post/m-alimderge-d-ris-o-yldy-488794)