---
title: "Құлжа тас жолында бүгін болған сұмдық жол апатының..."
description: "Қайғылы оқиға Алматы-Көкпек-Көктал жолының 41-шақырымында болды. Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетеді. Сөйтіп, Nissan Cefiro-мен бетпе-бет соқтығысқан. Бұл көлік қатты соққының әсерімен барып жол..."
author: "jan.123"
published: "2024-05-08T12:48:00+00:00"
modified: "2024-05-08T12:48:00+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lzha-tas-zholynda-b-gin-bol-an-s-mdy-zhol-apatyny-m-n-zhayy-aytyldy-1004403"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lzha-tas-zholynda-b-gin-bol-an-s-mdy-zhol-apatyny-m-n-zhayy-aytyldy-1004403/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құлжа тас жолында бүгін болған сұмдық жол апатының...

> Қайғылы оқиға Алматы-Көкпек-Көктал жолының 41-шақырымында болды. Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетеді. Сөйтіп, Nissan Cefiro-мен бетпе-бет соқтығысқан. Бұл көлік қатты соққының әсерімен барып жол...

*Қайғылы оқиға Алматы-Көкпек-Көктал жолының 41-шақырымында болды. * Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қарсы бағытқа шығып кетеді. Сөйтіп, Nissan Cefiro-мен бетпе-бет соқтығысқан. Бұл көлік қатты соққының әсерімен барып жол жиегінде тұрған Mitsubishi Pajero Sport пен BMW X5-ті соғады.

Жол апаты салдарынан Nissan Cefiro-ның жүргізушісі, Mitsubishi Lancer-дің жүргізушісі мен жолаушысы қаза тапты.

Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар белгіленді.

Көптеген көлік жүргізушілері осы Құлжа тас жолының өте қауіпті екенін айтады. Ал полиция жұртты абайлап жүруге шақырып отыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lzha-tas-zholynda-b-gin-bol-an-s-mdy-zhol-apatyny-m-n-zhayy-aytyldy-1004403](https://yvision.kz/kk/post/lzha-tas-zholynda-b-gin-bol-an-s-mdy-zhol-apatyny-m-n-zhayy-aytyldy-1004403)