---
title: "Ұлытау облысында екі бірдей басқарманың басшылары..."
description: "Ұлытау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуат Имантүсіпов екі айға қамауға алынған. Оған қатысты су тасқыны зардаптарын жоюға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ал..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-11T13:16:26+00:00"
modified: "2024-06-11T13:16:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lytau-oblysynda-eki-birdey-bas-armany-basshylary-stal-an-1005537"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lytau-oblysynda-eki-birdey-bas-armany-basshylary-stal-an-1005537/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлытау облысында екі бірдей басқарманың басшылары...

> Ұлытау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуат Имантүсіпов екі айға қамауға алынған. Оған қатысты су тасқыны зардаптарын жоюға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Ал...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/aa4e77aecd7ce6370c3773d73ffed9.jpg)

Ұлытау облысы табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Қуат Имантүсіпов екі айға қамауға алынған. Оған қатысты су тасқыны зардаптарын жоюға бөлінген бюджет қаржысын жымқыру дерегі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Ал Ұлытау облысы білім басқармасының басшысы Сапура Төлекова үйқамақта отыр. Ол қоластындағыларға сыйақыны заңсыз бөлген көрінеді. Екеуі де қызметінен шеттетілген.

Бұл туралы [t.me/orda_kz](https://t.me/orda_kz) ақпарат көздеріне сүйене отырып хабарлады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lytau-oblysynda-eki-birdey-bas-armany-basshylary-stal-an-1005537](https://yvision.kz/kk/post/lytau-oblysynda-eki-birdey-bas-armany-basshylary-stal-an-1005537)