---
title: "Ұлытау облысында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды"
description: "Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірге аса ірі мөлшерде есірткі..."
author: "orazali"
published: "2024-02-10T05:13:22+00:00"
modified: "2024-02-10T05:13:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lytau-oblysynda-asa-iri-k-lemdegi-esirtki-tasymalyna-tos-auyl-oyyldy-1000958"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lytau-oblysynda-asa-iri-k-lemdegi-esirtki-tasymalyna-tos-auyl-oyyldy-1000958/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлытау облысында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды

> Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірге аса ірі мөлшерде есірткі...

*Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өңірге аса ірі мөлшерде есірткі жеткізу арнасының жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі хабарлады.*

![Ұлытау облысында аса ірі көлемдегі есірткі тасымалына тосқауыл қойылды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/43b63e169b20f3659e059b5bf7022f.jpg)

2024 жылғы қаңтарда ҰҚКД жедел қызметкерлері есірткі құралдары мен психотроптық заттарды өткізді деген күдікпен Жезқазған және Сәтпаев қалаларының 4 тұрғынын ұстады. Тінтулер кезінде олардан 20 кг марихуана, 2 кг гашиш, 250 грамм «альфа-PVP» психотроптық заты және 30 «марка» деп аталатын ЛСД есірткісі алынды. Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сот санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lytau-oblysynda-asa-iri-k-lemdegi-esirtki-tasymalyna-tos-auyl-oyyldy-1000958](https://yvision.kz/kk/post/lytau-oblysynda-asa-iri-k-lemdegi-esirtki-tasymalyna-tos-auyl-oyyldy-1000958)