---
title: "Ұлыстың Ұлы күнінде Сыр сақшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты"
description: "Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күн мен түн теңеліп, жер-көкке жан ..."
author: "dvdkzokz"
published: "2017-03-24T05:47:29+00:00"
modified: "2017-03-24T05:47:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lysty-ly-k-ninde-syr-sa-shylary-ltty-sport-t-rlerinen-ba-synasty-761037"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lysty-ly-k-ninde-syr-sa-shylary-ltty-sport-t-rlerinen-ba-synasty-761037/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлыстың Ұлы күнінде Сыр сақшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты

> Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күн мен түн теңеліп, жер-көкке жан ...

Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Күн мен түн теңеліп, жер-көкке жан бітіп, адамдардың аузы аққа тиіп, Жер-Ана бусанып, жақсылыққа жол бастайтын «22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні» мерекесі қарсаңында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасы ғимаратының алаңында полиция қызметкерлері арасында ұлттық ойын түрлерінен жарыс өткізілді. Жарыстың басты мақсаты – полиция қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қызметкерлердің дене шынықтыру дайындығын жоғары деңгейде ұстауын қамтамасыз ете отырып спорттық даярлығын көтеру болып табылады.

![Ұлыстың Ұлы күнінде Сыр сақшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/A992rwX13i1KgcSscHKv9T27ajBJd6.jpg)

Аталмыш спорттық шараға Қалалық ішкі істер басқармасы қызметкерлерінен құралған 9 команда қатысып, арқан тартудан, гір көтеруден, қол күрестен бақтарын сынады. Сайысқа басқарманың басшылық құрамынан құралған төрешілер алқасы төрелік етті.

![Ұлыстың Ұлы күнінде Сыр сақшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/UVaRf9KEIn8qj7KWTR5Y425lZq6I3r.jpg)

Тәртіп сақшылары арасындағы бірлікті, командалық қолдауды нығайтуды мақсат тұтқан бұл спорттық дода өте тартысты өтті.

Спорттық бәсекенің қорытындысы бойынша І орынды **Криминалды полиция бөлімі командасы** иеленіп, жарыс жеңімпаздары атанды. ІІ орынды **Анықтау бөлімінің** **құрамасы** қанжығасына байласа, **Уақытша ұстау абақтысының құрама командасы** жарыстың қола жүлдесіне ие болды. Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен марапатталды.

![Ұлыстың Ұлы күнінде Сыр сақшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/oLU85TPW69Bv183ehmWe0a627GdNfQ.jpg)

Шара соңында ішкі істер органдарының ардагерлері мен қызметкерлеріне арналып мерекелік дастархан жайылып, ұлттық тағам – наурыз көже құйылды.

![Ұлыстың Ұлы күнінде Сыр сақшылары ұлттық спорт түрлерінен бақ сынасты](https://storage.yvision.kz/images/user/dvdkzokz/WpEEHK43J8oq3gaYv03ds4t062zd4b.jpg)

**Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lysty-ly-k-ninde-syr-sa-shylary-ltty-sport-t-rlerinen-ba-synasty-761037](https://yvision.kz/kk/post/lysty-ly-k-ninde-syr-sa-shylary-ltty-sport-t-rlerinen-ba-synasty-761037)