---
title: "Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы"
description: "Наурыз-күн мен түннің теңеліп,табиғаттың ерекше бір түрге бөленіп,жаңаратын кезі.Наурыз-ел-жұрттың қ..."
author: "arai_14021993"
published: "2011-03-31T10:50:08+00:00"
modified: "2011-03-31T10:50:08+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lysty-ly-k-ni-nauryz-meyramy-135867"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lysty-ly-k-ni-nauryz-meyramy-135867/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлыстың ұлы күні-наурыз мейрамы

> Наурыз-күн мен түннің теңеліп,табиғаттың ерекше бір түрге бөленіп,жаңаратын кезі.Наурыз-ел-жұрттың қ...

Наурыз-күн мен түннің теңеліп,табиғаттың ерекше бір түрге бөленіп,жаңаратын кезі.Наурыз-ел-жұрттың қаһарлы қыстан аман-есен шығып,бір-бірімен құшақ жайып,емен-жарқын табысатын айы.Наурыз-табиғат атаулының тіріліп,өмірге жаңа құлшыныспен қадам басатын шағы.Наурыз жаңа күн деген мағына білдіреді.Бұрын халқымыз Наурызға ерекше дайындықпен келген.Әрбір отбасы үйіне қос шырақ жаққан,ыдыстардың бәріне ақ құйған.Бұл адамзаттың Табиғат-анаға деген тағзымын көрсетеді деп сенген.Ауылда наурыз айы келгенде бұлақтардың көзін ашып,ағаштар отырғызады.Елдегі ағайындардың барлығы наурыз күні бір-бірімен көрісіп,құшақтасып,реніш-өкпелерін ұмытып, наурыз көже ішіп жатады.Түрлі жарыстар,бәйгелер ұйымдастырылады.Қазақтың қазақ екенін,тәуелсіз мемлекет екенін дәлелдейтін бірден-бір мереке-наурыз болуға тиіс.Тұсаукесерден бастап,жар-жар,үйлену тойына дейін өз дәстүрімен,өз салтымен өткізілуі қажет.Наурыз-Қазақстан атты шаңырағымыздың ұлттық мерекелерінің нағыз қайнарына айналуы тиіс.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lysty-ly-k-ni-nauryz-meyramy-135867](https://yvision.kz/kk/post/lysty-ly-k-ni-nauryz-meyramy-135867)