---
title: "Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінде қазақ тілі..."
description: "Фото: studylab.ru Бүгін бәріміз тарихи оқиғаның куәсі болдық. Ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт мырза Тоқаевқа, сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат мырза Нұрбекке, Ұлыбританиядағы Қазақстанның елшісі Мағжан мырза..."
author: "jan.123"
published: "2024-04-25T05:16:57+00:00"
modified: "2024-04-25T05:16:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lybritaniyada-y-oksford-universitetinde-aza-tili-o-ytylatyn-boldy-1003960"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lybritaniyada-y-oksford-universitetinde-aza-tili-o-ytylatyn-boldy-1003960/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлыбританиядағы Оксфорд университетінде қазақ тілі...

> Фото: studylab.ru Бүгін бәріміз тарихи оқиғаның куәсі болдық. Ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт мырза Тоқаевқа, сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат мырза Нұрбекке, Ұлыбританиядағы Қазақстанның елшісі Мағжан мырза...

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/30a08ccd249945a96ff6230f9e5c0c.jpg)

Фото: studylab.ru

Бүгін бәріміз тарихи оқиғаның куәсі болдық. Ең алдымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт мырза Тоқаевқа, сонымен қатар ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат мырза Нұрбекке, Ұлыбританиядағы Қазақстанның елшісі Мағжан мырза Ілиясовқа осы бастаманы жүзеге асыруға мұрындық болғаны үшін зор алғыс айтамыз!

Естеріңізде болса, тарихи сәт 2023 жылы Оксфорд университеті Азия және Таяу Шығыс орталығының жетекшісі Лейла Наджафзаданың Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына “Нархоз” унивеоситетінің ректоры Мирас Мұхтарұлы Дәуленовтың кеңесімен келуінен бастау алған еді. Институт ұжымымен кездесіп, тілтанушы ғалымдар еңбектерімен танысып, Оксфордтағы ғылым жолына түскен студенттерді Тіл білімі институтының ғалымдары ғана оқытуы керек деп тұжырымдап кеткен еді Лейла Наджафзада ханым. Бірақ бұл ол кезде тек идея ғана болған.

Ал бүгін Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмеронның Астанаға келуімен бірнеше маңызды келісімге қол қойылды. Соның ішінде біздің де келісімшарттың болуы идеядан нақты іске көшкенімізді білдіреді.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/a7c2cf77628cbd7a688019c26f181a.jpg)

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты, Ш. Шаяхметов атындағы "Тіл-Қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығы, «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ және University of Oxford арасында жасалған Оксфорд университетінде қазақ тілін оқыту бағдарламасын іске қосу туралы келісімге төрт тарап қол қойдық.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/f9f8696522be522b6135fb35e47088.jpg)

Алдағы уақытта ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты Оксфорд университетінде тек қазақ тілін оқытып қоймайды, сонымен қатар бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыруды көздеп отырмыз.

[Анар Фазылжан](https://www.facebook.com/anar.fazylzhan?comment_id=Y29tbWVudDo3NDI0NDEyNjQ0MzA2MjcxXzQ2MDEzNDEyOTcwNDYyMw%3D%3D)ның жазбасы (24.04.2024 ж.)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lybritaniyada-y-oksford-universitetinde-aza-tili-o-ytylatyn-boldy-1003960](https://yvision.kz/kk/post/lybritaniyada-y-oksford-universitetinde-aza-tili-o-ytylatyn-boldy-1003960)