---
title: "Ұлыбританияға Student Visa-сы үшін құжаттар тізімі"
description: "Ұлыбритания университеттері әлемдегі мықты университеттердің қатарына енеді. QS рейтингі бойынша алғ..."
author: "usergoogle102891807735311335314"
published: "2022-04-20T10:11:01+00:00"
modified: "2022-04-21T18:47:57+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/lybritaniya-a-student-visa-sy-shin-zhattar-tizimi-965149"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/lybritaniya-a-student-visa-sy-shin-zhattar-tizimi-965149/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлыбританияға Student Visa-сы үшін құжаттар тізімі

> Ұлыбритания университеттері әлемдегі мықты университеттердің қатарына енеді. QS рейтингі бойынша алғ...

Ұлыбритания университеттері әлемдегі мықты университеттердің қатарына енеді. QS рейтингі бойынша алғашқы жүздікте 20-30 Ұлыбритания университеттері бар.

Ұлыбритацияда бакалавриат (undergraduate), магистратура (postgraduate) және докторантура (PhD) деңгейлерінде оқу Student Visa негізінде жүргізіледі. Бұл виза оқу мерзіміне беріледі. Визаның паспорттағы жапсырмасы 3-4 айлық мерзімге беріледі. Әрі қарай паспорттың орнына Ұлыбританиядан алынатын BRP (Biometric Residence Permit) құжаты қолданылады.

Student Visa алу үшін құжаттар:
- қолдану мерзімі оқу уақытының соңына дейін жарамды паспорт;
- оқу орнынан берілетін шақыру құжаты (unconditional offer);
- CAS (Confirmation of Acceptance for Studies) нөмірі, бұл нөмір де университетпен беріледі;
- Ұлыбританияда тұруға керекті қаражаттың дәлелі (ағылшын тілінде)(банктік жинақтан үзінді. демеушінің айлық еңбекақысы жайлы құжат, демеушіден сенім хат);
- туберкулез жоқтығы туралы сертификат, ағылшын тілінде беріледі (Нұр-Сұлтанда, Алматыда арнайы сертификатталған ұйымдар бар).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/lybritaniya-a-student-visa-sy-shin-zhattar-tizimi-965149](https://yvision.kz/kk/post/lybritaniya-a-student-visa-sy-shin-zhattar-tizimi-965149)