---
title: "Ұлы күйші Құрманғазы"
description: "-Домбыра үйренемін Маған тіпті түк емес күй дегенің,- Деп ағаға Әжемді сүйреледім. Тек, әттеген, Кү..."
author: "Muxit"
published: "2018-11-30T03:55:53+00:00"
modified: "2018-11-30T03:55:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ly-k-yshi-rman-azy-820645"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ly-k-yshi-rman-azy-820645/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ұлы күйші Құрманғазы

> -Домбыра үйренемін Маған тіпті түк емес күй дегенің,- Деп ағаға Әжемді сүйреледім. Тек, әттеген, Кү...

{"blocks":[{"key":"aicpb","text":"-Домбыра үйренемін\nМаған тіпті түк емес күй дегенің,-\nДеп ағаға \nӘжемді сүйреледім.\nТек, әттеген,\nКүй тілін қойдым ұқпай.\nТыңқылдатып тартқаным\nКүй боп шықпай,\nЕкі ай өтті ештеңе қойдым ұқпай,\nШағым еді қиналып мазам кеткен.\n-Қош, аға,-демек болып Балтабайға\nТағат таппай отырдым жалғыз тосып.\nТек кенеттен\nКүй күмбірлей жөнелді.\nКеттім шошып.\nКүй сөйлеп тұр,\nАдамша тіл қатып тұр,\nЖан дүниеме тұрғандай төгіліп нұр.\nКүмбірлей төгілген күй кірді есіктен,\nМұғалімім Балтабай аға менің:\n-Жаңа ғана күй дейді сен естіген\nҚұрманғазы күйі еді\nКүйдің аты «Не кричи, не шуми»\nДеді дағы сынайын қарымыңды,\nСен қайталап сол күйді берші қағып.\n«Не кричи, не шуми»,\n«Не кричи» , «не шуми».\nЫзың қағып құлақта қалған тұнып,\nБірте-бірте он саусақ еркін жүзді.\nДомбыра айдын төсінде сеңді бұзып,\nӨз-өзіме ырза боп тұрдым күліп.\n-Құрманғазы бабамыз салған бүлік\nАстраханьда айдауда жүргенінде\nКүй сыйлапты бейтаныс елге мүлде.\nСол осы күй «Не кричи, не шуми»\nАрбалы қазақ паромға кірерінде.\nБір әйелдің сәлісін іле-міне,\nАрбасының арысы жайпай-майпай,\nУрядниктің әйелін абайламай...\n-Құртайынба көзіңді, дикий малай?!\nУрядник сол жерде салыпты айқай.\nТақсырлап қазақ байғұс жаны шығып,\nҰлыққа басын иіп тұрды бұғып.\nТөзбейтін қорлыққа да, зорлыққа да,\nКетіпті Құрекеңнің даусы шығып.\n«Не кричи, не шуми» деп\nЖіберердей ақырды жерге тығып.\nЖан серігі домбыра қасында еді,\nӨршіл күйге жіберді басып енді,\nСол осы күй «Не кричи, не шуми».\nКүйдің тілін ұғынған ұлық сасып,\nҚұрекеңнен кетіпті аулақ қашып.\n-Мына күй ойнақы, күлкілі екен,\nМұң мен зарға құрылған күйі барма.\nОнда мына күйді сен тыңдап барла.\n«Аман бол шешем, аман бол»\n«Аман бол шешем, аман бол»,-\nДеп қос ішек күңіреніп басты зарға.\nҚағып алып мендағы күңіренттім,\nҚағып алмас айтшы өзің амал бар ма?\nКүйдің тілін ұқтырған Сыздықовты\nМұғалімім дей тұра тіптен мықты.\nЖан-тәніммен сүйем мен,\nҚұрманғазы секілді ұлылықты.  \n","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"2rs2g","text":"Сүлеймен Баязитов","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ly-k-yshi-rman-azy-820645](https://yvision.kz/kk/post/ly-k-yshi-rman-azy-820645)