---
title: "«Ұлы дала елі» фестивалі өтеді"
description: "Мерекеге орай 19 тамыз күні Баянауыл ауданының Жаңажол ауылдық округіне қарасты Ескелді шатқалында М..."
author: "CRMI"
published: "2016-08-15T23:15:28+00:00"
modified: "2016-08-15T23:17:40+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ly-dala-eli-festivali-tedi-707273"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ly-dala-eli-festivali-tedi-707273/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ұлы дала елі» фестивалі өтеді

> Мерекеге орай 19 тамыз күні Баянауыл ауданының Жаңажол ауылдық округіне қарасты Ескелді шатқалында М...

Мерекеге орай 19 тамыз күні Баянауыл ауданының Жаңажол ауылдық округіне қарасты Ескелді шатқалында Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің кесенесінің қасында «Ескелді» мәдени-қонақүй кешенінің ашылу салтанаты өтеді. Бұдан басқа, 20 тамыз күні «Баянауыл» мәдени-сауық орталығының алдында Малайсары Тарханға арналған ескерткіші қала тұрғындарының назарына ұсынылатын болады.

Шараның негізгі бөлігі Кенжекөл ауылында сағат 11.00-де басталады. Мұнда Казақстаннан, Өзбекстаннан, Қырғызстанан, Монғолиядан, Ресейден келген зергерлер, ағаш, киіз, керамикашеберлері және кесте тігушілердің қатысуымен қолданбалы өнерд жәрмеңке-көрмесі және шеберлік сыныптары, ашаруашылық өнімдерінің жәрмеңке-көрмесі өтеді.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/dfsZOW9277NFlumJga2Qd717tzdT03.jpg)

Бұған қоса, «Сарқыт» атты ұлттық тағамдар көрмесі, «Ақ сандық, көк сандық» қазақ ұлттық ойындары, «Қанеки, сөйле, қызыл тіл» атты ақындар айтысы, «Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек» байқауы, «Nomad» атты ат-каскадерлік шоу, «Саят» атты аңшы құстар шоуы, «Шабыт» биенналенің тұсаукесері ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, «Інжу-маржан» атты дәстүрлі орындаушылардың концерті, «Ереуіл атқа ер салмай...» жыршы-жырау, термешілердің концерті, «Қос алқа» атты «Қоңыр» этно-тобының және «Тұран» фольклорлық-этнографиялық ансамбілінің концерті өткізіледі. Кештің соңында бәйге ұйымдастырылып, «Ұлы Дала Елі» фестивалінің жабылуына орай гала-концерт өтеді. Мерекенің соңы отшашумен аяқталады.

Белгілі «Қоңыр» тобы 2007 жылы құрылды. Бұл қазақтың киелі сахнасында ұлттық бояуы басым әндерді орындап жүрген жаңашыл топтардың бірі. Бойларына қазақи болмысты қалыптастырған этно- эстрадалық бағыттағы бұл топтың мүшелері Мархабат Мықтыбеков, Жазира Қошанова және Бауыржан Асанбаев.

 

***Павлодар облысында 19-20 тамыз күндері өтетін «Ұлы дала елі» фестиваліне «Қоңыр» тобы келеді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz тілшісі.***

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ly-dala-eli-festivali-tedi-707273](https://yvision.kz/kk/post/ly-dala-eli-festivali-tedi-707273)